Батырлары қазақтың
Жеңіс күні — осы күнге жеткізген, осы күннің қуанышты сәтін сезінуге жол ашып, өз кеуделерін оққа тосқан қазақтың батырлары аз емес. Олардың ішінде батыл жүрек қыздары да бар. Біз оларды ұмытпаймыз. Тарих беттерінде алтын әріптермен жазылған қазақтың батырлары әрқашанда жүрегімізде сақталады. Олардың Отан үшін, ел үшін деп жасаған жан қиярлық ерліктері Жеңіс күнінің есік ашуына жол салды. «Жеңіс күні» бұл сөздің ішкі астарында осы күнге жету жолындағы қиындықтар бейнеленген. Сол уақытта бұл соғыс елімізді есенгіретіп жібергені, асыраушысы жоқ аналар мен балалар тылда еңбек етіп, қаншама қиын күндерді бастан өткерді десеңізші?!
Соғысқа барған қазақстандық батырларды еске алар болсақ: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бегельдинов, Сергей Луганский, Иван Павлов, Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Роза Бағланова әнші апамыз бар және тағы басқа соғысқа аттанған 500-ден аса жерлестеріміз бар, оның ішінде 96 Қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Қазақстан елінен аттанған әрбір жерлесіміздің ерліктерін ұмытпаймыз! Олар расында да батылдық көрсеткен, ел үшін жан берген батырлар. Солардың арқасында бүгінде әр жыл сайын мамыр айының 9-ы күні Жеңіс күнін тойлаудамыз. Жеңіс күні Отан үшін ерлік жасаған батырларды, ардагерлерді еске алып, оларға тағзым етеміз. Ал тылда еңбек еткен қаншама аналарымыз бен балаларды құрметтеп, олардың жасаған еңбектеріне қарай оларға құрмет көрсетіліп мемлекет тарапынан медальдар берілуде. Міне осындай жолмен келген Ұлы Жеңіс күніне биыл 78 жыл толуда. Арада қаншама жыл өтсе де соғысқа қатысқандар ешқашанда ұмытылмайды. Оларға әрқашанда мың тағзым!
Соғысқа қатысқан адамдардың Отанға деген сүйіспеншіліктері, Отанға деген құрметтері бәрі де қазіргі өсіп келе жатқан жастарға үлгі-өнеге! Олар білуі керек өткен күннің сұрапыл соғысының қалай болғанын, жеңістің қалай келгендігін...
Жеңіс күні — бұл соғысқа барған жауынгерлердің соғыс бітті, жеңіс келді деп қуанған күні, Жеңіс күні — бұл сол соғыста ерлікпен қаза тапқан батыр аталарымыз бен Әлия мен Мәншүктей апаларымыз кеудесін оққа тосуының үні.... Сол себепті де Жеңіс күні сол жандарды еске алатын, сол жандармен мақтанатын күн деп білеміз! Жеңіс күні құтты болсын, қазақ елі! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Енді соғыс болмасын!