06.05.2023
  243


Автор: Сиқырлы SMM

Маркетинг жайлы хикая...

 


Құрметті тәлімгер, сізге мынадай маркетинг туралы хикаяны баяндап берейін. Өз өнімін жарнамалауды ертедегі кәсіпкерлер неше түрлі құйтұрқы әрекеттермен жасаған. Ол кезде ешқандай маркетинг туралы кітап, үйрететін мамандар да болмаған. Саудагерлер жай ғана өз тауарларының сатылымын арттырғысы келді. Сол мақсаттарына жету үшін түрлі әрекеттер жасады. Кез келген маркетинг кампанияның мақсаты, сатылымды қалай арттырсақ деген сауалға жауап іздеуден басталса, онда мақсат сөзсіз орындалады. Маркетологтар арасында екі түрлі пікір бар: бірі маркетинг сатумен айналыспайды десе, екінші жақ сатумен айналысады деп есептейді. Бұл кітапта біз екінші жақтың сөзін сөйлейтін боламыз. 


Маркетинг саласы ең алғаш рет 1902 жылы АҚШ-та оқытыла бастады. Ал, жарнама тарихы біздің эрамызға дейінгі 6-7 мың жылдықта адамдар папиросты қағаз ретінде қолдана бастағанда пайда болған. Кейін Еуропада типографиялық құралдардың пайда болуымен жарнама саласында «жарылыс» болды. Одан кейін радио, телевизия, билборд сияқты түрлері шықты. Жалпы телевизия саласының дамуы 100 жылдан астам уақытқа созылса, интернет жарнамасы бұл дәрежеге 30 жылда жетіп алды. 


 


Әлеуметтік желілердің дамуы мен маркетологтардың жарнама туралы түсінігі түбегейлі өзгерді. Енді жарнамаға жұмсалмаған қаржының қайтымдылығын, оның тиімділігін анықтау әлдеқайда жеңілдей түсті.  Алпауыт корпорациялар жаңа жарнама алаңдарына ауыса бастады. Эфирлік уақыты қымбат телевизияны, көп адамның назарына іліне бермейтін билбордтарды, интернет жарнамасы оңай ысыра бастады. Енді жарнама берушілер тұтынушылардың қолындағы экраннан көрінуге күш салды. 


Әлеуметтік желідегі жарнама маркетингтің ішінен тағы бір бөлек саланың қалыптасуына сеп болды. Ол – Social Media Marketing, яғни қысқартып айтқанда SMM. Өздеріңіз түсінгендей кітабымыз осы SMM жөнінде болмақ. Ал, енді неліктен теледидарға шығатын жарнаманың тиімсіз болып бара жатқанын қарастырып көрейікші. Біріншіден, қазір теледидарды төлем мүмкіндігі жоғары аудитория қарамайды. Сатып алу әлеуеті жоғары деп қала тұрғындары, оның ішінде 30 жастан жоғары контингент кіреді. Ал, теледидардың аудиториясы жылдам интернетпен қамтылмаған, ауыл тұрғындары болып қалды. Екіншіден, адамдардың миында бейсаналы түрде артық ақпараттан қорғайтын қабілет пайда бола бастады. Олар жарнаманы көреді, бірақ ми ол ақпаратты ары қарай қабылдап, қорытынды шығармайды. Теледидарда жарнама бастала салысымен адамдар әлеуметтік желіге кіреді немесе басқа да тірліктеріне кірісе бастайды. Үшіншіден, эфирлік уақыт қымбат, дәл сол эфирге жұмсaлған қаржыға интернеттегі жарнама әлдеқайда жоғары эффект береді.   


Арнайы сараптауға арналған құралдар маркетологтардың жұмысын жетілдіріп, терең анализ жасауға мүмкіндік берді. Маркетологтар өз жарнамасын кімге, қандай адамға көрсетіп жатқанын, аудиторияға жарнаманың қалай әсер етіп жатқанын біліп отыруға мүмкіндік алды. Сонымен қатар интернеттегі жарнама өте икемді, оны кез келген уақытта өзгертіп, немесе тоқтатып қалаған уақытта қайтып қосуға болады. 


2018 жылдың қаңтар айында We Are Social медиаагенттігінің есебі бойынша, Жер шарындағы халықтың 4 млрд-тан астамы – интернет қолданшылары екенін анықтады. Бұл көрсеткіш 2018 жылдың аяғына дейін 4,021 млрд-қа жетіп, жер тұрғындарының 53%-ын құрайтын болады. Соның ішінде әлеуметтік желі пайдаланушыларының саны 3 млрд-тан астам, Жер планетасы тұрғындарының 42% бөлігін құрайды. Олардың 10-нан 9-ы интернетке мобайл құрылғы (смартфон, планшет) арқылы кіреді. 


Жер бетін жаулап алған интернеттің жылдамдық күші ешкімді қуып жеткізер емес. Интернеттің жылдам дамығаны соншалық, 1995 жылы тұрғындардың тек 1% бөлігі қолжетімді болған болса, бұл көрсеткіш 2015 жылы 43%, ал 2020 жылы 60% бөлігі қолжетімді болмақ. 


ITU компаниясы эксперттеріне сүйенсек, 2016 жылы Америка континентінің 65% азаматының интернетке кіруге мүмкіндігі болған. Бұл көрсеткіш Африкада 25%-ды, Еуропада 79%-ды, Азия және мұхит аралдарында 42%-ды құраса, Араб әлемінде 41% болды. 


Әлеуметтік желілер бойынша Instagram желісінде минутына 2,5 млн лайк басылса, Twitter-де 9,7 туит жазылып үлгереді екен. Ал YouTube хостингінде 400 сағат видео жүктеледі.


Snapchat қолданушылары бір минут ішінде 6 млн видео қарайды. Dropbox-ке 830 мың құжат жүктелсе, Siri 100 мың сауалға жауап беріп үлгереді.





Пікір жазу