04.05.2023
  848


Автор: Әліпов Айтбек Рымбекұлы

Асыл әке

Сөзін жазған Айтбек Әліпов,


Әнің жазған, орындаған Анарбек Қозыбақов.


 


Қуанған сәттерімде,


Мұнайған сәттерімде,


Есімде тұрдың,Әке,


Көңілдің шақ төрінде.


         Асылым кемеңгерім,


         Сағым ой тереңдегі.


         Жанарым жасқа толып, 2-рет


Келер деп елеңдедім.


Өмірің өнеге еді,


Даналық кемел едің.


Болмысың қарапайым,


Біз үшін ерен едің.


         Кезіксе белестерім,


         Сағым боп елестедің.


         Жолыма бағыт берген, 2-рет


         Өміршең кеңестерің.


Бойыма көрік еттім,


Адал іс серік еттім.


Мен аққан бір арнаңмын,


Өткелден талай асу.


Сүйеніп сенім еттім.


         Тарқатып мұңын, Әке,


         Жыр төкті бүгін, Әке,


         Алладан рақым сұрап, 2-рет


Дұғада ұлын, Әке!


Сағыныш іште жатқан, 2-рет


Ақтарған сырым, Әке!


 


Астана қ. 30.04.2023ж.




1 нұсқа





2 нұсқа






Комментарии

Дана Кемешова
Дана Кемешова 07.05.2023 01:16
Әкеңіздің жаны жәннатта болсын ??
Бакытжан
Бакытжан 05.05.2023 09:52
Кайырлы тан! Бірнеше әндеріңізді тыңдадым, керемет шабыт пайда болып қабілеттеріңіз ашылып жатқанына куә болдым. Рақмет сізге әндеріңыздін арқасында асыл таудай әкемізді еске алып сағыныш білдіріп жұрегіміз толқып көңіліміз бір босап қалды. Сізге шыгармашылык табыс тилеймин!Жаңа әндердіңіз көп болсын. Тыңдармандардың жүрегіне жол тартып. әрқашан олардың көңілінен шығыңыздар. Інілік згі ниетпен Бақытжан. Астана 2023 жыл
Айтен Рустем
Айтен Рустем 05.05.2023 09:08
Машаллаһ! Әкеңізге арналған өленіңіз керемет екен!
Болат Байқос
Болат Байқос 05.05.2023 00:15
Ассалаумалейкум Айеке! Бас алмай бес қайтара тыңдадым. Әке рухымен сырласу мен сағыныш сазы үйлесімді шыққан екен. Жүрекке жетті. Түкпірде жатқан көнтерідей кепкен сезімді оятты. Әкелеріміздің рухы әрқашан қолдай жүрсін! Аман болыңыз! Жазарыңыз таусылмасын.
Ергазы
Ергазы 04.05.2023 16:09
Ассалаумагалейкум Айеке.Акенизге арнап жазган олениниз керемет екен.Менде акемди есиме алып сагынып кеттим.Шыгармашылык дарежениз орлей берсин.Шын тилекпен Ермаханулы Ергазы.Астана каласы 03.05.2023 жыл.

Пікір жазу