ӨШПЕС МҰРА
Абайды біз ұлы ақын дейміз. Мұның өзі əрбір юбилей күндерінде жазылатын мақалаларға тəн жалпы мақтау сөздер болмаса керек. «Ұлы» немесе «Данышпан» деген мақтау сөздерді əртұста əркімге қолданатын уақыттар болады. Бірақ, соның бəрі бір дəрежеде емес. Абай есімі аталғанда «Ұлы», «Данышпан» деген сөздер еріксіз келіп оралады. Бұл сөздер айтылмаса, Абай есімі өгейсіп тұрғандай.
Абай ас беріп, ат мінгізіп, шапан жапқан бай үйінің «салтанатын, мырзалығын» мақтап сарнаған ақындарға қарсы күрес ашты. Өлеңді күнкөрістің құралы етіп, кəсіпке айналдырушылыққа жан-тəнімен қарсы болды.
Абай «əр елден өлеңмен қайыр тілеп, сөз қадірін кетірген» кезеген аяқ ақындарды аяусыз əшкереледі. Сөйтіп, ол тұңғыш рет поэзияның қоғамдық ролін, көздейтін нысанасын айқын белгілеп берді.
«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін, Жоқ-барды, ертегіні термек үшін. Көкірегі сезімді, тілі орамды, Жаздым үлгі жастарға бермек үшін».
«Мақсатым тіл ұстартып, өнер шашпақ, Наданның көзін қойып, көңілін ашпақ. Үлгі алсын деймін ойлы жас жігіттер, Думан, сауық ойда жоқ əуел баста-ақ».
Əр шақта жазылған осы екі шумақ өлеңде Абай поэзиясының мақсаты айқын белгіленген. Ақын поэзия «еріккеннің ермегі емес», халыққа қызмет етудің, күрестің, тəрбиенің құралы екенін жақсы түсінді. Сөйтіп, қазақ əдебиетінде Абай тұңғыш рет «искусство – ис-кусство үшін» емес екенін іспен дəлелдеді. Поэзия шын мəнінде искусствоға, күрес құралына айналды. Халықтың ғасырлар бойы сараланбай келе жатқан бай сөз қазынасына Абайдай көркем сөз шеберінің қолы араласты. Бұл мол мұрадан ұлы ақын асылы мен бағалысын ғана іріктеп алып, əсерлі сөз сапына тізді де, жасығы мен қоқысын поэтикалық тілден аластады. Сөйтіп, ұлы ақын шын мəнінде сөз қазынасының инженері болды. Абай творчествосының бір ерекшелігі міне осында. Бұл жайға тоқтала келіп Абай өмірі мен творчествосының ересен білгірі Мұхтар Əуезов былай деп жазды: «Өлең ермек емес, өнердің басы. Ол өнер халықтың тілін де, ойын да жаңғыртып, түлетіп өсірсін. Ең алдымен алысқанда надандық, қараңғылықпен алыссын. Соны жас ұрпаққа, халықтың болашақ тарихының жаңа қауымына əдейі арнап тұрып айтады. Тағы да шынайы əлеуметтік тартыстың құралы болған өлең арзан бағаланбайды. Жеңіл жеңіске, сəн сауыққа ермек қана боп кетпейді. Өзгеге, алысқа, халықтық, тарихтық улы арманға меңзейді... Өлең жазудағы мақсатым осы, бұл халқым алдындағы қарызым дей түсіп, Абай бұрын жариялаған ақындық платформасына тағы да бірнеше кесек ойлар қосады».
Абай творчестволық жолының алғашқы кезінде араб, парсы, шағатай əдебиетінің классикалық үлгілерімен танысып, соған біраз еліктеді. Бірақ, кемелденіп, толған шағында ұлы ақын орыстың прогресшіл классикалық əдебиетін құныға оқып, үйренді. Орыс əдебиетінің мол мұрасын мейлінше оқып-үйренудің арқасында ғана Абай табиғат соншама жомарттықпен сыйлаған қуатты талантын көпке танытты. Ақын оқушыны бірден баурап əкететін сиқырлы күш ұялаған өлеңдерін орыс əдебиетінің игі əсерімен жазды. Міне, Абайдың искусствоға, өмірге көзқарасы XIX ғасырдағы орыстың ұлы революцияшыл-демократ сыншылары Белинский, Чернышевс-кий, Добролюбовтардың ықпалымен қалыптасты.
Ендігі жерде поэзия ақынның ең бірінші өмір қажетіне айналды. Ақынның:
«Өзгеге көңілім тоярсың,
Өлеңді қайтіп қоярсың» – деген пікірі осыны аңғартады. Бұл ерте ме, кеш пе, творчестволық еңбектен басқа қызықтың бəрі де жалықтырады дейтін Л.Н. Толстойдың пікірімен үндес екені дау-сыз.
Дау-жанжал, ұрлық-қарлық, барымта, зорлық-зомбылық етек алған жағдайда жаны кейіп жүрген ақынның жақсы тұрмысты ойла-уына да орыс əдебиеті мұрындық болды. Қараңғылық пен надандық тұманы түнеп, əрекетсіздік пен əділетсіздік жайлаған жайбарақат халқының болашағына ой жіберген ұлы ақынға үміт саңлауы алыс-тан бұлдырап көрінді. Абай өз жаның тебіренткен небір күрделі мəселелердің түйінін, өз халқының азат болуының мүмкіндігін орыстың прогресшіл əдебиеті мен мəдениетінен, орыс халқының озат ойынан іздеп тапты да, қазақ халқын сол бір сəулеге бағыттады. Ұлы ақынның жүрегі жұртым деп соғып, қаламы халық деп қозғалды.
Ұлы ақын қазақ халқын орыс тілі мен мəдениеті арқылы бүкіл адамзаттық мəдениетке жетуге, сөйтіп өнерлі жұрттың қатарына қосуға талпындырмақ болды. Ақын мұны өзінің саналы өмірінің мақсаты деп білді. Ол қазақ қоғамындағы артта қалған пікірлерге, орыс халқының мəдениетіне жақындасуға бөгет жасайтын зиянды үгіт, кедергі атаулының барлығына қарсы күресті. Ақынның халыққа қызмет ету мақсатынан туған алыс арманы мен асыл ойлары өлеңіне келіп құйылды.
Революциядан бұрынғы қазақ арасында сөзге қонақ бермей, жамандық атаулы болса, орысқа аудара салатын ислам дінінің зиян-ды үгітінен туған надандықты аяусыз əшкереледі. «Интернатта оқып жүр» деген өлеңінде ақын:
«Орыс теріс айтпайды, Жаман бол деп оларды. Қаны бұзық өзі ойлар, Қу менен сұм боларды.
Орыста қалар жаласы», – деп жазса, «Өкінішті көп өмір кеткен етіп» деген өлеңінде:
«Тура тілді кісіні дейміз орыс,
Жиреніп, жылмаңдықты демес дұрыс...» – деді. Ақын осылайша қазақ арасындағы «қаны бұзықтардың» кеселді пікірлерін əшкерелей отырып, Россия ның прогресшіл мəдениетіне жету қазақ халқының шынайы арманы екенін түсіндірді. «Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бəрі орыста тұр. Залалынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға тілін, оқуын, ғылымын білмек ке-рек. Оның себебі: олар дүниенің тілін білді, мұндай болды. Сен оның тілін білсең көкірек көзің ашылады... Орыстың ғылым, өнері – дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі... барыңды салсаң да балаңа орыстың ғылымын үйрет», – деп жазды Абай.
Ұлы ақын тəжік пен татардың да өнері қазақтан əлдеқайда ілгері екенін түсіндірді. Бұл халықтар, қазақ сахарасындағыша өтірік пен есек қумай, «шаруа қуып, өнер тауып, орыстың өнерін бізден кеп үйреніп кетті» деді.
Қазақ халқының ұлы ақыны Абайдың шығармаларының игі дəстүрі сөз болғанда, оны қазақ өлеңдерінің жасалу техникасына Абай енгізген жаңа формалар мен синтаксистік сөйлем құрылыстарының, сөз қолданыстардың тұрғысынан ғана танып қою жеткіліксіз. Абай мұрасының тамаша дəстүрлерінің бірін оның қазақ халқын ұлы орыс халқымен, сондай-ақ басқа да туысқан халықтармен достыққа,мəдени қарым-қатынас жасауға шақырған тамаша прогресшіл иде-ясынан іздеу қажет. Бүгінгі ұрпаққа Абай қадірін арттырып, ақын атын ардақтатып отырған да – оның осындай достықты үгіттеуі, сол жолда тынбай істеген творчестволық еңбегі болса керек.
Қазақ халқын ұлы орыс халқымен жəне басқа да туысқан халықтармен достыққа шақыру – Абай творчествосының прогрес-шілдік сыйпатын белгілейтін ең негізгі, басты тақырыптың бірі. Абай шығармаларында тамаша интернационалистік пікірлер бар. Əрине, бұдан Абай барлық елдердің еңбекшілерін күреске шақырды деген ұғым тумайды. Абай барлық елдердің еңбекшілерін емес, тіпті, қазақ еңбекшілерінің өзін де күреске шақыра алмады. Бұл Абайдың бүкіл творчествосындағы, қоғамдық əлеуметтік пікірлері мен идеясындағы шектелушілік еді.
Абай өзінің көптеген өлеңдері мен қара сөздерінде қоғамдық дамудан кенжелеп қалған қазақ халқын озық слдердің өнерінен, мəдениетінен, ғылымы мен білімінен үйренуге үгіттеді. Оның ең ал-дымен үлгі етіп ұсынғаны да, өзіне ұстаз тұтып оқып, үйренген мек-тебі де орыс жұрты, орыс халқының прогресшіл мəдениеті болды. Ақынның сол кездегі талапсыз, харекетсіз, «өлең-сөлеңмен» өмір оздыруға құмар қазақ жастарын орыстың ұлы жазушылары Салты-ков пен Толстойдан үлгі алуға шақыруы да сондықтан болатын.
Ақын орыс тілі мен орыс мəдениеті арқылы қазақ халқын бүкіл адамзаттық мəдениетке жетуге, сөйтіп өнерлі жұрттың, мəдениетті халықтың қатарына қосылуға талпындырмақ болды. Орыс тілін үйрену мақсатын ақынның өз көңіліндегідей тани алмай, теріс түсініп, ал тілді білуді патшаға қызмет етіп, «шен-шекпен киюдің» қарызындай танып жүрген кейбір қазақ жастарына Абай орыс ғылымын оқып үйренудегі мақсатты айқын ашып түсіндірді:
«Пайда ойлама, ар ойла, Талап қыл артық білуге. Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып керуге. Военный қызмет іздеме, Оқалы киім киюге... Қызмет қылма оязға,
Жанбай жатып сөнуге, – деп жазды Абай.
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласына орыс халқының тұрмыс-салтының шындап араласа бастауы орыс мəдениетіне бой ұруды тудырмай қойған жоқ; қазақ жастарының алғашқы буыны ғылым мен мəдениетке ұмтылды. Міне, Абай идеясы да қоғамдық дамудың осындай тынысынан келіп туған еді. Өйткені, қашан да болсын ақынды халық пен өмір сүрген заманы тудырады.
«Абай шығармасында əлеуметтік сарынның жаңа ағымын туып-өсіп, ең алдымен əзірлеген жағдай,– деп жазды М. Əуезов,– сол кез-дегі көпшілік қоғам тұрмысының өз қалпы болады. Сол өз ортасының не күйі бар, неге мұқтаж екенін көппен бірге сезіп, мұң еткен ақын енді сондайлық əлеуметтік мазмұн-сарынды сыртқа шығаратын жол, үлгі, өнеге іздейді. Осылайша іздену жолында жүргенде, өз қауымындай қоғамдардың ортасынан шығып, елге сапалы еңбек етіп өткен ағартушы, мəдениетті, либерал, бұқарашыл ақындардың ізін, жолын көреді. Сонымен барып Пушкин, Лермонтов, Салтыковтың мсктебіне үңіледі. Өзгерек жағдайда, өзгеше құлдық, надандық, зұлымдық қорлығында жатқан өз жұртшылығына, аналардың сары-нымен бұлда өзгеше өнегелі еңбек етпекке талпынады.
Міне, Абайды европа мектебімен, орыс əдебиетінің классик дəуірлерімен жанастырып, қабыстыратын өткел осындай қоғамдық, тарихи өткелдер болады. Мазмұн-сарыны, ішкі бағыт нəрі ел тұрмысының қоғам күйінің өзіндік, анайы топырағынан шыққан са-рын, нəрлер болады. Соны жарыққа шығаратын түр-үлгіні ғана орыс халқының асыл қазынасынан алады».
Абайдың өмір сүрген заманы, сонымен бірге, қазақ дала-сында ислам дінінің де əрекеті күшейген кезі еді. Ислам діні фанатиктерінің ең зиянды жəне ең хауіпті арекеті – олардың қазақ халқын ұлы орыс халқының мəдениетінен алыстатқысы, сөйтіп, рсакцияшыл шығыстың кертартпа мəдениетіне қарай бейімдсгісі келгендіктерінде сді. Олар өздерінің бұл зұлымдық пікірлерін діни қабыршықтарымсн бүркемслеп отырды, орыс халқын басқа діннің адамдары болғандықтан мұсылманға дос емес деп түсіндірді. Ис-лам дінінің бұл зиянды əрекетін патша үкіметі өз мақсаттары үшін барынша қуаттады. Патша үкіметі Россияның шет аймақтарындағы халықтарды орыс халқының мəдениетінен жырақ ұстағысы кел-ді. Өйткені, патша үкіметі артта қалған қараңғы ұлттардың еңбекшілеріне орыс еңбекшілерінің көрсететін күрес үлгісінен, бе-ретін өнегесінен мейлінше қорықты. Ал, ислам дінінің əлгіндей үгіті патша самодержавиесінің ұлт араздығын қоздыру отына май құйды. Əрине, қазақ халқының ұлы орыс халқына, оның озат мəдениетіне ұмытылуын патша үкіметінің реакцияшыл саясаты да, сондай-ақ ис-лам дінінің үгіті де тоқтата алмады. Алайда қоғамның анағұрлым артта қалған бөлігінің ішінде, діннің айтқанына көзсіз еріп, «орыс» деген сөзге тосырқап, үрке қарайтын адамдар болған жоқ деп айту қиын. Өйткені, əрбір қоғамда үстем идеология – сол қоғамдағы үстем таптың идеологиясы. Ал, үстем идеология өз үстемдігін сездірмей, қоғамдық пікірге əсерін тигізбей отыра алмайды.
Орыстың революционер-демократ сыншысы Добролюбов осын-дай жағдайларды ескеріп бірсыпыра шет аймақтардағы ұлттар орыстарға сенімсіздікпен қарайды, ал бұған кінəлі орыс халқы емес, патша самодержавиесі деген болатын.
Басқа халықтардан, əсіресе орыс халқынан үйреніп, оған жақын болуды мұсылманшылықтың кешпес күнəсіндей етіп түсіндіретін реакцияшыл діни көзқарасты батыл əшкерелеу – Абай заманы үшін бұл, сөз жоқ, интернационалистік пікір. Өйткені Абай заманында қазақ қоғамында бұдан озған пікір айтқан ешкім болған жоқ. Абай қазақ халқының болашағы ұлы орыс халқымен достықта, мəдени қарым-қатынас жасауда екенін өз кезінде өзгеден артық түсінді. Абай қазақ халқын ұлы орыс халқымен, сондай-ақ, басқа да туысқан халықтармен достыққа шақыра отырып, өзі де сол жолда аян-бай қызмет істеді. Абайдың орыс əдебиетінің тамаша үлгілерінен жасаған аудармасы да осыны дəлелдейді. Ақын орыс халқының бай əдеби мұрасың қазақ халқына өз ана тілінде таныстыру мақсатын кездеді.
Ерте ме, кеш пе орыс халқының мəдениеті бүкіл Россия халық-тарына ортақ мəдениет болады, сол кезде «дауысым бүкіл Россияға тарайды» деп, болашаққа үлкен үміт артқан данышпан Пушкиннің «Ескерткішін», сол сияқты ұлы революционер демократтардың Россияның болашағы жөнінде, орыс халқының шет аймақтар үшін атқаратын ролі жөнінде айтқан пікірлерін оқып білген Абайдай ұлы ақынның халықтарды достыққа, бірлікке, ынтымаққа шақыруы əбден заңды да жағдай еді.
XIX ғасырдағы қазақ даласының əлеуметтік, қоғамдық тұрмысы мен өмір шындығы ақын творчествосының негізгі объектісі, ныса-насы болды. Ақын ел ішіндегі озбырлықты, зорлық-зомбылықты, үстем таптың өктемдігін аяусыз əшкерелеп, қарапайым халыққа, ке-дейлерге жанашырлық сезіммен қарады. Ел ішіндегі ебедейсіз, оғаш мінездерді түзеу үшін қызмет етті. XIX ғасырда қазақ ауылында етек алған ұрлық-қарлық, өсек-өтірік, мақтаншақтық, арызқойлық, «өлең-сөлеңмен» өмірді мақсатсыз, еңбексіз өткізушілік сияқты қоғам дамуына кедергі келтіріп отырған мінездерді Абай барынша əшкереледі. Оның орнына ақын халықты пайдалы іспен шұғылдану-ға, адал еңбек етуге, оқу, өнер, ғылым, білім іздеуге шақырды. Сөйтіп Абай поэзиясымен бірге қазақ əдебиетіне реализм бағыты еніп, берік қалыптасты. Абай осылайша əдебиетті, поэзияны жанрлық жағынан түбегейлі негіздеп, қоғамдық, əлеуметтік мəнін барынша арттырып, күшейтті.
Алайда, ақынның ел ішіндегі оғаш мінезді түзету талабы толық жүзеге аса қоймады. Қиян-қилы қайшылығы мол заманда өмір жо-лын кешкен ақын көп ойланып, көп толғанып, ой соңына жете алмай, жалғыздығын, жапа шеккендігін, «етек басты» болғандығын кейбір өлеңдерінде сыртқа да шығарып отырды.
«Қайратым мəлім, Жетпейді əлім,
Мақсат алыс өмір шақ», – деді ақын.
Сөйтіп, ол дегеніне жете алмады. Қоғамның мешеулігі, халықтың қараңғылығы «соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп, мыңмен жалғыз алысқан» ақынның аяғын тұсай берді. Бірақ, ақын налымады, өзінің үлкен үмітін ол болашаққа, жас ұрпаққа артты.
Абай өз кезіндегі өмір шындығын жырлап, барды бадырай-та айтқан реалист ақын. Бүгінгі бақытты ұрпағына да ол сонысы-мен қымбат. Пролетариаттың ұлы жазушысы Максим Горькийдің: «Құрметтейік, көтерейік əдемілеп, көркем түрде шындықты айтқан ақындарды. Оларда шындықты айтудан басқа бағынатын құдай, табынатын тəңірі болмасын!» – деген сөзі дəл Абай шығармалары үшін айтылғандай.
Алайда Абай көзі тірісінде көңілдегісін көре алмай кетті. Ақынның шынайы арманы тек советтік заманда ғана жүзеге асып отыр. Қазір қазақ халқы туысқан ұлы орыс халқының ағалық қамқорлығының арқасында СССР-дың барлық халықтарымен дос, терезесі тең ел бо-лып, социалистік мəдениетке өз үлесін қосуда.
1955.