02.05.2023
239
Жеңіс күні Ұлы күн
Жеңіс күні Ұлы күн құтты болсын,
Таң арайын сыйлаған мына бізге.
Ардагерлер ардақты батыл жүрек,
Мың алғысты айтамыз біздер сізге.
Енді соғыс болмасын, уайым-қайғы,
Бейбіт күндер жалғанып, қуаныштар.
Амандықта болшы елім жүзің жайнап,
Сәттілікпен тербейтін күнің құптар.
Жанымызды ауыртып жаралайтын,
Соғысты күн болмасын енді мүлдем.
Ынтымақта, бірлікте жан тербейтін,
Шаттықты күн жалғансын бірге жүрген.