02.05.2023
133

Бүгінгі бұл мереке
Бұлттан шыққан күндейін,
Мереке бұл бүгінгі.
Бұл мереке бастасын,
Берекеге күніңді.
Қаншама адам жан қиып,
Келген ұлы Жеңіс күн.
Енді болмай соғыс бұл,
Шықсын әркез Жеңісті үн.
Жеңіс туын көтерген,
Аталардың ерлігі.
Бұзылмасын қазағым,
Еліміздің теңдігі.