Эфросина
Таулардың қат-қабат мұз қатқан биік шыңдарынан қызыл күрең күн нұрының сәулесі жалт-жалт етіп қоштасқандай. Кең дала қараңғы түнге оранған, жолаушыны қимастан достарын серік болып жанамалап, күңкілдеумен наразылық білдіргендей, тынышталып, жайылауда жай ғана ауыр күн де өткендей, ол да жүрегінің әмірімен сағына асығып, ұйқы да қысып, керемет түс көргендей аяғы жерге тиместен жертөле үйіне ұшып келеді.
Бүгін де ол менің маңдайымнан жарылқап сипап, сүйсе деймін! Алыстардан жартас-құздардың арасынан тамаша бір нұр сәулелер жарқ-жұрқ еткен, тұмандарды сәнді ақ көбікке айналдырып кілтін тапқан не деген ғажайып?
Жер бетін жарығымен тапжылмастай етіп нұрға бөлеген, қараңғылық шатқалына да сәулесін түсірген, күннің сәулесі болса керек. Бұлттар да жақындап келіп, тарай бастады. Керемет бір көрініске куә болмақпын. Мына қызғылт, қызыл шырайлы түстер қайдан пайда болған? Маған жақындап келе жатқан қай Тәңірім? Досын іздеп жүрген қорқынышты тар жолдардан қандай да бір әннің үні естілгендей ме?
О, құдіретті Тәңірім, өзіңді енді, көрсетші! Менің ой-сезімімді алдамшы етіп, жоғалып кетпеші. Егер де, мүмкін болса, өзіңнің киелі есіміңді айтшы құл-пендеңе, ал егер де айта алмасаң, онда маған ақылға сыяр шешіміңді бергін, сенің құдіреттен мәңгілік жаратылғаныңды, ақынның өлең-жырларында мақтанышпен айтылып жүрсін.
«Қалайша сен мені танымадың? Менің бейнем о бастан ұнаған, О, ендеше қалайша енді саған, тәуірім, жат бола қалды? Рас, мен жер бетінен алыстап кеткенмін, менің тынымсыз жастық шағымнан тәтті қуаныштан, қайғы-мұңнан көңілім қалған. Дегенмен де менің бейнем тек жақсы жағынан ең сүйіктісі болып, досымның есінде мәңгілік жазылып қалған болса керек».
Ия, сенің қадала қараған көзің мен көз жасың айтып тұр: Эфросина ол досың болып жаныңда жүр. Байқайсың ба, ол тау-қорған, ормандардан асып келеді. Ах! Ол жаңадан жеңіл қарап қуаныштың биіктеріне бөленіп, ұстазды, досты, әке іздеген, қайта қайтып, іздеп жүр кезбелерді алыстардан.
Есіме түсірші, ән-жырларға құштар ғып, сиқырлы ойындарға құмар қылған менің жастық шақ күндерімді. Есіңе салшы сол бір сәттерді, бәрін де түк қалдырмай! Ах, мүмкін емес ойға шомып, қайталанбас сәттерді қайтаруға. Сол бір тәтті шырын, жеңіл тартқан жер бетінде болып жатқан. Ах, оның бағасы жоқ екенін, тек түсінгендер білсе керек!
Қаншама ұсақ болғанмен де, дегенмен де — ах! — жүрекке түк те емес деуге болмас, әр бір кішкене болмайтынды үлкен етіп көрсету сиқырлы күш. Есіңде ме сол бір сәт, мені ағаш сатысына өрмелеп шығудың жолын үйреткен?
Есімімді менің Артур деп қойған болатын. Бала болып көрінген едім мен саған. Сен мені бейнелеп британның батыр жыршысы деп атаған едің. Бейшаралардың көздеріне шоқ темірді басамын деп алдап, үрейлендіре қорқытып, көлдете аққан көз жастарын көргенде, өзің қадала қарап, бәрін де қорғап жүрдің. Бейшара баланың өмірін де жақсы көріп сақтап жүрдің, қауіп төнгенін сезініп, оларға дер кезінде алыстарға, жете алмайтын жерге қашырып, көмек бердің.
Сен мені қираған шағымда, жайлап қана қолыңа көтеріп алдың, мен сенің құшағыңда, сездірместен өлгендей болып жаттым. Бір мезгілде мен көзімді ашсам: терең ойға шомып, бір қорғанның дуалына сүйеніп тұр екенсің. Бала күйінде көрініп мен, шын көңіліммен ризашылық саған білдіріп, қолыңды сүйдім.
Мен қоштасарда: «Әке, сен сонша неге қаталсың? Мен нашар ойнаған болсам, онда қалай дұрыс ойнау керек екенін үйретсеңші. Сенің еңбегің маған көптік етпес, сенің үйреткендеріңді мен қуана-қуана қабылдаймын».
Бірақ та сен мені ұстап алып, құшағыңа қатты қысқан кезде, менің кеудемдегі жүрегім ерекше бір толқып кетті.
«Жоқ, сүйікті балам, — дедің сен, — бүгінгі жасаған істеріңді, сен ертең де көпшілікке жасай бер. Маған тиіскендей, өзгелерге де тиісе бер, бұрын көздерінде жас болмаса, қолдаған боп көз жастарын ағызғын».
Сен мені таң қалдырдың: мен сені құшағыма алып тұрып, сенің өліп қалған түріңді көргенде шошып кеткен болатынмын.
О, табиғат, қандай сен бар жағынан да күшті де, қуаттысың! Кең байтақ кеңістікте де, жерде де мәңгілік заңдылықты сыйлап, нәсіп еткен.
Бір жылдан соң бір жыл тоқтаусыз жалғасып, жаз — жас көктемге, алтын күз — аязды қысқа сенімменен қолын берген.
Мықталып жартастар тұр, шатқал таулар тұмандардың баурайында оранып, бұйырқана, долдана бұлақтар ағар мәңгілік. Қыс болғанмен емендер көк-көкпеңбек, жапырақсыз бұталар да жайқалып, тамырлары төменнен құпия, жасырын сусындап тұрғандай.
Бәрі де заңмен өмір сүреді, тек тағдыр жазмышымен, өмірді бағалай алмайтын кейбір адамдардың өмірлері сәтсіздікке ұшырап, тас талқан болып жатады.
Қаншама дегенмен, әкесі соңғы сапарға мәңгілікке аттанып жатып, мазар жайынан, жайнап өсіп келе жатқан сүйікті баласымен қоштаса да алмас. Жас бала да, көз жанарын мәңгілікке жұмған қартайған әкесін ешқашан да енді аймалап, құшарлана құша да алмас.
Кәні енді, жеребе үнемі түссе — өкінішті-ақ! — тәртіп уақытқа бағынышты, құдды дауыл-жаңбыр, бұршақтардан таяқ жеп жапырақтарынан айырылып, жұрдай болған жалғыз басты теректей, әкесі де балалары мен немелерін бостан босқа шақырғандай болады.
Міне енді, қымбатты жас түлек, сенің менің қолымда өліп жатып қайта тірілгеніңді көріп тұрып, мен қайраң қалдым, маған менің жүрегіме күш-қуат беріп, жастық шағым қайтып келгендей, мен енді көңілді, қуанышты өмір сүретін боламын. Жасанды балақан, қуанышты арқалап алға шапқын! Сүйкімді балақан, дүние жүзін қуаныштарға бөлегін, мен де қуанайын. Сонымен бірге, мәңгілікке табиғаттың бар құбылыстары өз жемістерін молынан беріп, өсіп өніп, жайқалып жайнап тұрсын! Көп уақытқа маған қолдау жасап, мен көз жұмғанша қорғанышым болғын, сенің шеберлігінің бар жақсылығын көрсем деймін».
Сенің сөздеріңді тыңдап, мен ең негізгі сәтті ұмытпадым; сөздеріңді мұқият тыңдап, мен өзіме қабыл алдым.
О, сөздің тоқетеріне келсек, сені балалардың сөзіне ерген жан деп, қаншама дүйім жұртқа айтып жеткізумен келемін. О, қалайша мен сені көптің арасынан кездестірдім десеңші, мен сенің ой-түсініктемелеріңнен сабақ алғандай болдым!
Сол тұрған жайыңда тұра бер, бірақ та Эфросина енді қадала қарап саған, қуанышты біргелесіп, шаттыққа бөлемейді. Және де сен, ертеңнен бастап жастайыңнан араласқан махаббаттың от-шоғына түсіп, жанып та күймейсің, енді өсіп келе жатқан жастардан да ондай сөздерді де естімейтін боласың. Бұдан былай саған кездесетін жандар сенен ақыл сұрайтын болады: Талапкерлерден кейін де талапкерлер келетіні анық. Бірақ та мені ұмытпағын! Егер де сенің қуанышты істеріңнен, жүзіңнен өзгелер қуанышқа бөленіп, көңілдерін шат етіп жатса, ауыр да, түсініксіз ойындарда, сен әрқашанда өзің белгілеген орныңда болғын. Егер де ол бар күші, ынта-жігерімен, сенімен өле-өлгенше бірге боламын деп ант берсе, онда кеш те болса, мені есіңе алғын да: «Эфросина, және де менің алдым да келіп тұр!»
Көп нәрселерді айтуыма менің болады, бірақ та — ах! — болмайды, айтуға, өлгенді ұстап тұруға, мені құдіретті құдайым шақырып тұр. О, қош бол, мені енді тез келгін деп шақыруда. Тек қана бір ғана нақыл сөзді сен тыңдағын: Дегенмен де, атағым шықпастан мен қараңғылықтың тұңғиығына кете алмаспын! Тек ән-күй ғана өлгендерге өмір берер.
Персефонином патшалығында ғана қиял қанатында ретсіз қалықтаған, есімдері жоқ топтардың көлеңкесін көресің.
Егер де ақын қайсыбір адамның ерлік істерін бағалап өлең-жырына қосқан болса, онда ол сол батырмен мәңгілік бірге қалықтап биіктерде ұшып жүреді. Мен сенің өлең-жырларыңа қуана-қуана жан деп кіремін, Тәңірімнің көзқарасы да маған оңды болар.
Мені құшағына қысып тұрып, ол маған арнап сөз айтар; әйелі, оның тағына жақын жандар белгі беріп шақырар. Сүйкімді жұбайлары Пенелопа да, Эвадна да сүйікті күйеулерінің кеудесіне жабыса тұрып, маған қарап сөз айтар. Жас болып дүниеден өтіп кеткен бойжеткендер менің жаныма келіп, менімен біргелесіп өткен тағдырымызды жылап-сықтап еске алар. Егер де Антигона, қарындасым, ешкім де оған тең келмес, және де Поликсена өлген күйеулерін еске алып, мұң-қайғы жамылып келсе олар, оларға өз қарындастарымдай, мен оларға жылы қарап, адал ниетіммен жақын барам; Ойын сауықтар олардың керемет сұлулықтарын жалмап, құртқан.
Сонымен қатар мені ақын жырлаған; О, өмір маған сыйын бермесе де, оның өлеңдері мені жырлап аяқтасын». Осылайша айтып ол; сүйкімді еріні қозғалуда; дауысы оның әрең дегенде естіліп, сөзін жалғастыруға әлі келмеген еді, будақ-будақ үлпілдеген, мәңгі буланып қимылдап жатқан бұлттар арасынан, жайбарақат, айналасын жап-жарық етіп, жарқырап Гермес құдай көрінді. Бір сәт ол тік көтеріліп белгі берді де, орасан бұлттар арасына сіңіп, көзді ашып жұмғанша, ғайып болды.
Тас қараңғы түндер менің айналамды қоршаған, соқпақ жолдарды жағалап, бұрқырап кеп сулар ағуда.
Айрылмастай қайғы-мұң мені қажытты, тек мына кәрі жартас-құз ғана маған тіреу, қорғаныш болған. Қайғы-қасіреттер кеудемді қысып, тас жарған; көзден бұлақтап ағар түнгі жас, орманның төбесінен таң сәулесінің шапағаты атып тұр.
1798