Отан қорғаушылар күні
«Отан отбасынан басталады» отбасындағы өзіндік құндылықтар, тәлім тәрбме өсе келе айналасына, қоғамға тигізер пайдасы мен зиянын көрсетеді. Яғни бұл жерде баланың отбасындағы алған тәрбиесі өте маңызды болып табылады. Ұл болсын, қыз болсын тәрбиелі, саналы ұрпақ болсын. Ұлдар елдің ертеңі, отағасы, қыздар ұрпағымызды көбейтумен қатар олардың тәрбиесіне қарайтын отанасы. Бұл екі ұғымды бір-бірінен бөле жарып қарау үлкен қателік болар еді. Менің бұл жердегі айтпағым, елімізді қорғайтын, отанымыздың тынышы үшін бастары жастыққа тимей қызмет ететін Отан қорғаушы жігіттер жайында еді. Тәрбиелі болып өскен бала өз отанын жақсы көрмей тұрмайды. Отанына сүйіспеншілікпен қарап, әрбір тасын, әрбір топырағын сүйе біледі. Ал Отанын сүйген бала елі үшін қызмет етуден ешқашанда бас тартпайды. Міне Отан сүйгіштіктің басты құндылығы осында деп білемін. Отанын сүйген адамдар ел тынышы үшін аянып қалмайды. Түн демей, күн демей ел тынышы үшін барын салады. Сондықтан да балаларымызды Отан сүйгіш етіп тәрбмелеу әрбір ата-ананың міндеті болмақ. Дей түрғанмен ата-аналар баласын жаман болсын деп тәрбиелемесі анық. Бірақ баласына жол көрсетіп, бағыт-бағдар беру ата-ананың парызы. Ал жақсы бала болып тәрбеленіп, Отан үшін, елі үшін қызмет ететін Отан қопғаушылардың Отанға деген, еліне деген сүйіспеншілігі олардың дүпілдеп соғып тұрған жүректенінен бастау алады. Саналы ұрпақ ел ертеңінің жарқын болашағының кепілі болмақ. Отан қорғаушылардың ерен еңбектерін бағалау мақсатында, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктеріне ризалық білдірудің арнайы бір күні ретінде ұлы Жеңіс күнінен екі күн бұрын есік ашатын «Отан қорғаушылар» күні бекітіліп отыр. Бұл мереке Отан қорғаушы жігіттер үшін үлкен мерекеге айналып отыр. Әрине біздер үшін де бұл 7 мамыр күні келетін Отан қорғаушылар күні өте маңызды. Жүрегі қазақ деп соғатын патриот жандар бұл күнді өте керемет өткізудің қамын жасайды. Әрине олардың ішінде қарапайым халықтың алатын орны ерекше. Сол халқымыздың тынышын сақтайтын Отан қорғаушы жігіттер күні құтты болсын, қазақ елі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Мерекеміз бақ-берекенің орнығып, басталуына жол сала берсін! Отан қорғаушыларымыз аман болып, тыныш бейбіт заманымыз жалғасын таба берсін!