29.04.2023
  339


Автор: Гүлсім Сатыбалды

Қазағымның бөлшегімін

Менде бір, қазағымның бөлшегімін,
Тәңірдің ішіндегі өлшемінің.
Әлемді, алақанға салғандар көп,
Ғұмырын өз еркімен өлшеді кім?


Дандайсып жер ішінде, дара білек,
Белінде батпан былық, барады үдеп!
Сабырын, сырқат келіп сындырмаса,
Несі бар, жандар жанын жаралы деп?


Жоқшылық емес шығар, іздеп келген?
Хақысын жұрт жемей жүр, күз-көктемнен!
Ылғи да, бастап шығып Жаңаөзен,
Ел жайын, елетіп жүр тізбектелген.


Нарығым қытайменен
баян дедік,
Демей жүр, , халқым онда жая жедік.
Енді кеп, кедергісіз шекараны,
Ашпақшы, біз оларға шаян бедік?


Қой деген ұнап еді, қай туғанға?
Халықсыз жұмыр пенде, бай тұрған ба?
Ертегі әлемінен, елге қайтып,
Иеңмен қауышқайсың, қайту барда.


Менде бір, қазағымның бөлшегімін,
Емессің, сен есепсіз өлшемі мың.
Тағдырын ұлтымыздың тарылтпайық,
Көбейтер, ала ауыз, мөлшерін мұң!





Пікір жазу