29.04.2023
  210


Автор: Отан қорғаушылар күні

7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!

«Отан үшін отқа түс – күймейсің» деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтып кеткеніндей, Отан үшін қызмет етіп жүрген әрбір әскери қызметкерлердің еліміз үшін жасап жатқан істері баға жетпес іс дер едім. Олар расында да едіміздің тынышы үшін өз өмірлерін қатерге тігіп күндіз-түні аянбай еңбек етуде. Ел үшін отқа да, суға да түсіп жатқан Отан қорғаушыларды расында да батыл жүректі батырлар деп айтар едім. Ауызға айтуға оңай болғанымен бұл қызметті алып жүру оңай іс емес. Төзімділік пен сабырлықты талап ететін бұл қызмет еліміздің тынышы мен ынтымағын, бірлігін сақтауда үлкен рөл атқарады.
Өз ұлтын сыйламау, оны мақтаныш етпеу – сатқындықтың белгісі — дейді Момышұлы атамыз. Расында елін сыйламау, елін сүйіп, жақсы көрмеу отан қорғаушыларға жат дүние. Елін сүйетін, жерін сүйетін жандар ғана Отанына адал қызмет етіп, ел ертеңі үшін алаңдап, еліне, жеріне бар жақсысын тілеп отырады. Мұндай қасиет Қазақстанды жақсы көріп, ел тынышын тілеп отыратын әрбір Қазақстандық бауырдарға тиесілі деп ойлаймын. Еліміз тыныш болса, жеріміз тыныш болса одан асқан бақыт жоқ шығар сірә.
«Қырағының өзі де, көзі де батыр» (Б. Момышұлы) Ия, Отан қорғаушылардың өзі де, көзі де батыр, жүрегі де батыл болады. Өйткені, қандай жағдай болмасын тайсалмай ел үшін тіпті жанын да беретін бұл қызметте жүрген азаматтардың жүректері де батырлана түседі. Олардың қызметі солай, осындай қызметтің қыр-сырына қанығып Отан қорғау жолында аянбай еңбек қып жүрген Отан қорғаушылар мен осы саланың басы қасында жүріп, Отан қорғаушы жігіттерге жол көрсетіп жүрген ел ағаларының жасаған әрбір істері елімізге деген сүйіспеншіліктері бізді қуанышқа бөлейді. Сол үшін де әскери қызметте жүрген барлық ер азаматтарымызды 7 маусым Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еңбектеріңіз жанып, абыройдарыңыз асқақтай берсін!





Пікір жазу