29.04.2023
  173


Автор: Отан қорғаушылар күні

Бүгінгі күн мереке — 7 мамыр

Бүгін 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні. Бұл күні әрбір әскери ер адамдар түрлі құттықтаулар алып, жасаған қызметтері үшін марапатталады. 1992 жылы 7-ші мамырда Отан қорғаушылар күні болып бекітіліп, содан бері осы кұн ерекше атаулы күндердің біріне айналып отыр. Елі үшін аянбай қызмет етіп, Отаны үшін бастарын тауға да соғып, тасқа да соғып күндіз-түні ұйқы көрмей қызмет ететін Отан қорғаушы жігіттерге қалайша бас имейміз?! Олардың жасап жатқан игі істері еліміздің тынышын сақтап, едімізге өзге елден қауіп төнбеуін қадағалап жүретін, Отанымызды қорғау үшін барлық күшін жұмсайтын Отан қорғаушылар біздің ұйқымыздың тыныш болуына бірден бір себепші жандар десек қате айтқанымыз емес. Олардың жасап жатқан қызметтері үлкен шыдамдылық пен аса жауапкершілікті талап етеді. Дәл осындай мамыражай елде өміо сүріп жатсақ бірінші Алланың арқасы десек, екіншіден осы Отан қорғаушылардың арқасы дер едім. Расында да солай емес пе, жүректері елім деп, жерім деп соғып тұратын патриот жандар біздің Отан қорғаушылар. Олардың ел үшін жасап жатқан қызметтерін мақтан ете отырып әрбір істеріне сәттілік тілейміз!
Осы орайда еліміздегі қарулы күштердің ерен еңбектеріне зор алғысымызды білдіре отырып Отан қорғаушыларды және осы салада талай жылдан бері қызмет етіп келе жатқан ағаларымызды және басқа да салаларда елім, жерім деп аянбай еңбек етіп жүрген ағаларым мен інілерімді, достарымды, отбасының тірегі болып жүрген асқар таудай әкелер мен әкелердің ізін басып келе жатқан аға-іні бауырдарымды, еліміздегі бүкіл ер адамдарды осы келіп жеткен 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздердің жасап жатқан қызметтеріңіз бағаланып абыройдарыңыз асқақтай берсін! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Мерекеден мерекеге жете беріңіздер! Қазақстан еліміз жасай берсін! Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, тынышымыз бұзылмасын!





Пікір жазу