Отан қорғаушылар күні, кәсіби мереке
Бүгін — 7 мамыр «Отан қорғаушылар» күні, кәсіби мереке болып табылады. Елім Тәуелсіздік алған жылдан бері күнтізбелік нұсқаулықта елімізде жыл сайын аталып өтілетін бір қатпар мерекелік, атаулы күндер пайда болды. Сондай мемлекет көлемінде аталып өтілетін күн осы Отан қорғаушылар күні. Бұл мереке ел қауіпсіздігін қамтамасыз ететін әскери күштердің мерекесі.
Бұл күн – елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, оны қорғауды, тәуелсіздікке қауіп төнген сәтте кез келген сыртқы агрессиядан қорғап, бейбіт өмірді қамтамасыз ете алатын барлық әскери қызметшілер мен тыл қызметкерлеріне арналған күн ретінде қабылданып отыр. Сонымен қатар, еліміздің халқы барлық ер-азаматтарды осы атаулы күнмен құттықтап, ыстық лебіздерін көрсетіп жатады.
Ия, елді алға бастайтын Ер адамсыз отанымыз не болмақ, біздің жай-күйіміз не болмақ?! Сондықтан, ер адамдарға деген құрметіміз бен ыстық ықыласымыз көп болуға тиісті. Отанымыз тыныш, еліміз аман болсын десек Отанымызды алға бастайтын, еліміздің тынышын сақтайын, ел үмітін аяқ асты етпей, қадір-қастетін ұғына білетін Отан қорғаушылар күні құтты болсын! Елім дейтін. жерім дейтін патриот жастарымыз көбейе түссін! Мерекелі де берекелі күндеріміз көп болғай! Еліміз тыныш, ел бастайтын ағаларымыз бен Отан қорғаушы жастарымыз аман болсын! Отан қорғаушылар күні құтты болсын!