29.04.2023
  225


Автор: Отан қорғаушылар күні

7 мамыр мереке

Туған жердің тынысы мен тынышы әрбір адам үшін баға жетпес байлық екені рас. Өйткені елдің тынышы, жеріміздің тынышы біздің тыныш, бейбіт күнде өміо сүруіміздің басты күпілі. Ел тынышын сақтау жолында қызмет етіп жүрген, күн демей, түн демей қызметтеріне аса ұқыптылықпен қарайтын ол біздің Отан қорғаушыларымыз екені даусыз. Олардың елді сүйіп, қызметтерін адал жасау біздің тынышымыздың бастауы болмақ. Осы салада аянбай еңбек етіп, жастарды Отан сүйгіштікке баптап, елдің қадір-қасиеттерін ұғындырып жүрген, осы салада көп жылғы еңбектері бар ағаларымызға бас иеміз. Олардың еліміз үшін, ертеңіміз бен болашағымыз үшін жасап жатқан еңбектері зор деп білемін. Туған жерім, елім менің Қазақстаным деп жарғақ бастары жастыққа тимей қызмет ететін Отан қорғаушыларымыз бен оларға тәлім-тәрбие беретін, Отан сүйгіштікке үйрететін ағаларымыздың мерекесі осы 7 мамыр болып табылады. Осы күні арнайы мемлекет тарапынан елі үшін аянбай қызмет етіп жүрген жандарға түрлі марапаттар беріліп, оларға деген ыстық көңілді ризашылығын көрсетеді.
7 мамыр — әрбір отбасы үшін өте маңызды мерекелі күн. Бұл күні отбасындағы қарапайым жандардан бастап мемлекет бойынша ер адамдарға ерекше құрмет көрсетіліп, оларға деген ыстық ықыласымызды білдіретін күн. Олардың батылдығы мен ерліктері айтылып, ерекше сый көрсетіледі. Сонымен қатар Ұлы Отан соғысына қатысқан, тылда жұмыс жасап, елі үшін қызмет еткен барлық патриот жандарды осы мереке күні марапаттайды. Сонымен қатар, «бейбіт күннің батырлары» деген атақпен қиын жағдайда қалған жандарды өз өміріне қауіп төнгеніне қарамай құтқарған адамдар да назардан тыс қалмай, осы күні ерекше құрметке ие болып жатады. Бұл әрине еліміз үшін, еліміздің тынышы үшін қызмет етіп жатқан жандарға көрсетіліп отырған құрмет болып табылады.
Отанын сүю, елін сүю еліміздің әрбір азаматтары мен азаматшаларына парыз деп білемін. Әрбір Қазақстандық өз елін сүйіп, ел тынышы үшін қолынан келгенше титтей де өз үлестерін қосып отырса «Көп түкірсе көл» демекші, біздің еліміз жанданып, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылатыны сөзсіз. Сондықтан, елім дейтін, жерім дейтін әрбір Қазақстандықтар аман болып, еліміз бен жеріміз жандана берсін! Еліміз үшін қызметте жүрген Отан қорғаушыларымыздың ауызбіршіліктері жоғалмай, бір-біріне деген достық пейіл, мейірлері арта берсін, өсе берсін, өркендей берсін! Бастысы жүрегі елім деп соғар жандар қатары көбейіп, Жаратқаным баршаңызға жар болсын! Амандық болсын, саулық болсын! Отан қорғаушылар күні құтты болсын!





Пікір жазу