28.04.2023
  147


Автор: Отан қорғаушылар күні

Аман болсын жігіттер

Аман болсын жігіттер,
Елді алға бастайтын!
Ел үшін қызмет етіп бұл,
Жақсылықты қоштайтын!
Айбыны асқақ жігіттер
Жаныңда мұң болмасын!
Қай жерлерде жүсеңде,
Жаратқаным қолдасын!
Биікке өрле жігіттер,
Қанаттарың талмасын!
Күйбеңі көп бұл өмір,
Бар жақсысын арнасын!
Абыройы асқақтап,
Көңілде кір болмасын!
Пейілдерің ақ адал,
Сәттілігін арнасын!
Өмірлерің жанданып,
Келеңсіздер болмасын!
Арайлы таң нұр сыйлап,
Бар жақсысын таңдасын!
Әр істерің оңды боп,
Сәтсіздіктер болмасын!
Суық сөзден қалтырап,
Көңілдерің тоңбасын!
Аман болып еліміз,
Жаратқаным қолдасын!
Тыныш болып жеріміз,
Бұзылмасын теңіміз.
Көк байрақта шарласын,
Өркендесін лайыи,
Қазақстан еліміз!
Қолыңды жай ендеше,
Батам осы келіңіз.
Құтты қонақ адаммен,
Жайна берсін төріңіз!
Жігтірім аман боп,
Жақсылыққа сеніңіз!
Бастарыңнан бақ кетпей,
Астарыңнан тақ кетпей
Бар жақсыны көріңіз!
Мерекеде бүгінгі,
Шаттық кернеп жүзінді,
Шаттық күйге еніңіз!
Әумин!





Пікір жазу