meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  28.04.2023
  182


Автор: Отан қорғаушылар күні

Амандықта болыңдар!

Отан қорғар жігіттер,
Жүзіңді мұң шалмасын!
Абыройың асқақтап,
Қанаттарың талмасын!
Әр істерің оңды боп,
Қуанышың көп болсын!
Батыл жүрек жігіттер,
Қайғы-мұңың жоқ болсын!
Арайлы таң күлімдеп,
Шаттықты боп үнің тек
Көңілдерің.тоқ болсын!
Үстем болып мерейің,
Міне бата берейін
Бастарыңа бақ қонсын!
Аспандарың ашық боп,
Сәтсіздіктер қашық боп,
Бар жақсылық тап болсын!
Орындалып арманың,
Атып сәтті таңдарың
Сендерге Алла жақ болсын!
Жетінші мамыр құтты боп,
Саулықтарың мықты боп
Ең қызықты сәт болсын!
Күлім қағып жүздерің,
Бақыт сыйлап күндерің
Амандықта болыңдар!
Тыныш болып еліміз,
Тыныш болып жеріміз,
Толған айдай толыңдар!
Әумин!





Пікір жазу