28.04.2023
  204


Автор: Отан қорғаушылар күні

Тыныш болсын еліміз!

Ал қане бата берейін,
Үстем болсын мерейің!
Әрбір қазақ баласын,
Биіктерден көрейін!
Жігіттері айбынды,
Жымың қағар ай, күні,
Сендерге сөз терейін!
Ел алдында әр ісің,
Болсын лайым оңынан!
Саулықтарың мықты боп,
Қыдыр шықсын жолыңнан!
Әр күрдерің сәтті боп,
Көңіл-күйің жақсы боп,
Айың тусын оңынан!
Бақ-береке орналып,
Жақсылықтар жалғанып,
Шаттық болсын молынан!
Қызмет қып ел үшін,
Кең байтақ туған жер үшін,
Сендер қорған болыңдар!
Отан қорғар ерсіңдер,
Жүректері кеңсіңдер,
Толған айдай толыңдар!
Егеменді еліміз,
Тәуелсіз бұл жеріміз,
Шамнан шырақ жағыңдар!
Ертеңгі ұрпақ мақтайтын,
Ел тынышын сақтайтын,
Соларға үлгі болыңдар!
Ниеттерің қабыл боп,
Мұраттарың асыл боп,
Биікке өрлеп, қоныңдар!
Әумин!





Пікір жазу