Василий Осипович Ключевский ОЙ ҚАЗЫНАСЫНАН
Тарихта біз фактілерді көп білеміз және құбылыстардың мәнін соншалықты аз түсінеміз (В истории мы узнаем больше фактов и меньше понимаем смылс явлений).
Біздің болашағымыз өткенімізден күңгірт және бүгінгімізден қуыс (Наше будущее тяжелее нашего прошлого и пустее настоящего).
Ресейді жылыту үшін, олар оны өртеуге әзір (Чтобы согреть Россию, они готовы сжечь ее).
Тарихшы тергеуші емес, бақылаушы (Историк - наблюдатель, не следователь).
Петр І тарихты жасады, бірақ оны түсінген жоқ (Петр І делал историю, но не понимал ее).
Тарихтың мәні – мұра сияқты өтіп кетпейтін өткен шақтығында, мәңгі заң сияқты бітпейтін процесстен сабақ алуда («Предмет истории - то в прошедшем, что не проходит, как наследство, урок, неоконченный процесс, как вечный закон).
Тарихи көріністердің заңдылығы оның рухтық дәрежесіне кері пропорционал (Закономерность исторических явлений обратно пропорциональна их духовности).
Адам әлемдегі ұлы - мал (Человек - это величайшая скотина в мире).
Саясат дегеніміз қолданбалы тарихтан артық та емес, кем де емес. Ал енді ол тарихты жоққа шығарудан артық емес және бұрмалаудан да кем де емес (Политика должна быть не более и не менее как прикладной историей. Теперь она не более как отрицание истории и не менее как ее искажение).
Тарихтан біз айғақтарды көп білеміз және соншалықты көріністердің мәнін аз түсінеміз (В истории мы узнаем больше фактов и меньше понимаем смысл явлений).
Күніне 16 сағаттан кем жұмыс істеуге қабілетсіз адамның дүниеге келуге құқы жоқ және ол тұрмыстың узурпаторы болғандықтан өмірден жойылуға тиісті (Кто не способен работать по 16 часов в сутки, тот не имел права родиться и должен быть устранен из жизни как узурпатор бытия).
Көкірек және өзін жақсы көретін адам мен тарихшы бір түсінікке сыймайтын тұлғалар: бұл дегеніміз қабілетсіз музыкант, бассыз ойшыл... (Гордый и самолюбивый человек и историк - не совместимые в одном лице понятия: это музыкант без слуха, мыслитель без головы..).
Тарихи сынаудың салтанаты - белгілі кезең адамдарының бір кездері айтпаған нәрселерін өздерінен есіту (Торжество исторической критики - из того, что говорят люди известного времени, подслушать то, о чем они умалчивали).
Тарих мұғалім емес, ол бақылаушы, өмірдің ұстазы: ешнәрсеге үйретпейді, тек қана сабақ алмағаның үшін жазалайды (История не учительница, а надзирательница, наставница жизни: она ничему не учит, а только наказывает за незнание уроков).
Археолог дегеніміз – кейін қазып алу үшін ақшаны көрге көмуші ғалым (Археолог - ученый, закапывающий в могилы деньги, чтобы откопать после).
Европаның ескі монархтары: бассыз тәждер, министрсіз үкімет, кеңес пен қарусыз билік, дымы жоқ арал, ал дәлірек айтсақ, тарихи көрдің елесі (Монархии старой Европы: короны без голов, правительства без министров, армии без полководцев; власть без совета и меча, голый остров, точнее, призрак из исторической могилы).
Жазу өнерінің құпиясы - өз шығармасының тұңғыш оқырманы бола білуде (Тайна искусства писать - уметь быть первым читателем своего сочинения).
Жылымық уақыт – 1860-70 жылдардың сүйікті дәуірі (Смутное время - любимая эпоха 1860-70-х годов).