ТАРИХИ ҚАНАТТЫ СӨЗДЕРДI ТАРИХ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ
Шәкiрттердi мектеп қабырғасында патриот ретiнде қалыптастыру iсiнде тарих пәнiнiң өлшеусiз зор ролi бар екендiгiне ешкiм дауласпайтын шығар (31).
Оқу процесi бiлiмдi меңгеру және iскерлiк пен дағдылар процестерiнен кұралады, бiлiмдi игеру ең жетекшi әрекет болып табылады. Адамның материалдық дүниенi тану процесi нақты пайымдаудан басталады. Түйсiк пен қабылдау процесi бiрнеше рет қайталанған кезде ми сыңарларының қыртысында уақытша байланыс пайда болады. Түйсiктермен қабылдап алынған осы бейнелер елес түрiнде есте сақталады. Сезiну процесiнен кейiн ойлану процесi келедi. Психологтар «не нәрсе жақсы түсiнiктi болса, соның жеңiл игерiлетiнiн және жақсы есте қалатынын» дәлелдейдi (32).
Қанатты сөздердi саналы түрде меңгеру мен оларды саналылықпен пайдалану тәжірибесін сәйкестендiрудiң сәтті формасы жаттығулар түсiнiктемелерi болып табылады.
Оқыту процесi оқытудың мазмұны, әдiстемесi және ұйымдастыру формасының бiртұтастығы болып табылады. Тарих пәнiнiң мұғалiмi жаңа тақырып бойынша әңгiмеге көшпестен бұрын немесе тап сол әңгiме арасында жаңа атауларды, терминдердi, тарихи қиын есiмдердi, сондай-ақ тарихи қанатты сөздердi және олардың шығу, айтылу тарихын тақтаға жаза отырып, түсiндiру әдiстемесiн жиi қолданғаны дұрыс (33).
Экскурсия да демонстрация әдiсiнiң бiр түрi және онымен бiрге оқытудың айрықша ұйымдастыру формасы болып табылады. Экскурсия кезiнде әр түрлi көптеген әдiстердiң қолданылуы мүмкiн, бiрақ та бұның бәрi демонстрация әдiстемесiмен үйлестiрiледi (34).
Себебi тарихи қанатты сөздер музей залдарында, өлкетану музейлерiнде және мемориалдық музейлерде көптеп кездеседi.
Мұғалiмнiң бiлiмдi ауызша баяндауы әрдайым шәкірттердің оқулықпен немесе өздiгiнше жұмыс iстеуiмен үйлестiрiледi. Кiтаппен тиiмдi жұмыс iстеу үшiн оқушының тиiстi iскерлiгi мен дағдылары болуы тиiс (35).
Оқушыларға тарихи қанатты сөздердi түсiндiргенде сол қанатты сөздер жазылған әдебиеттi, авторын, шығу жылын, шығу баспасын және бетiн көрсеткен мақұл. Мысалы, «Варфоломей түнi» - Парижде 1572 жылғы тамыздың 23-нен 24-не қараған түнi католиктердiң гугеноттарды жаппай қыруы. 30 мыңдай адам өлтiрiлдi. Басқа мағынада алғанда «Варфоломей түнi» деп «адамдарды айуандықпен жаппай қыруды» айтады (36).
Тарихи қанатты сөздердi оқушылардың тез ұғып алуы үшiн әдiстi таңдағанда физиологтар мен психологтардың iс-әрекеттерi (тыңдау, ауызша сөйлеу қызметi, жазу, қолмен практикалық жұмыс iстеу) кезектесiп тұру қажет екенi жөнiндегi кеңестерiн де ескеру керек. Бұл ұсыныстардың негiзiне жоғары нерв қызметi заңдарының және ең алдымен қозу және шаршау, тежеу және зорлану кұбылыстардың түсiндiретiн ирридация, шоғырландыру және өзара индукция зандарының талаптары алынған.
Тарих сабағын өткiзу барысында тарихи қанатты сөздердi оқушыларға есте қалатындай етiп түсiндiрудiң маңызы зор, өйткенi тарих – қоғам дамуы. Ол оқушыларды азаматтыққа, қоғамның даму барысын түсiнуге, өткенге көз жүгiртуге, болашақты барлауға үйретедi. Тарих өзiнiң шығу тарихы жөнiнен өте қызықты тарихи қанатты сөздерге бай. Әрбiр жаңа сабақта – жаңа қанатты сөздер кездесiп отырады. Әрбiр жеткіншектің есте сақтау қабiлетi психологиялық ерекшелiктерiне орай әр түрлi. Мысалы, бiреуi – көргенiн есте сақтайды: бiреуi - естiгенiн, келесiсi – жазғанын, ендi бiреуi өзi оқып алғанын есiнде жақсы сақтайды. Сондықтан шәкірттерге осы жағдайларды ескере отырып, түсiндiрген дұрыс. Осы бағытта В.Шаталовтың тiрек сигналдары методын да қолданған артық болмайды.