27.04.2023
  244


Автор: Отан қорғаушылар күні

Отан қорғар жігіттер ел қорғаны

Отан қорғар жігіттер ел қорғаны,
Шынығатын күн сайын тыным таппай.
Еліміздің жүрегі,  тірегі  олар,
Әрбір  ісін жасайтын әркез баптай.

Елін сүйер халықтың балалары,
Елі үшін жасайтын бар жақсыны.
Отан қорғар,  ел жерін сақтап жүрер,
Арнап елге қашанда ең тәттіні.

Суға салса батпайтын ержүректер,
Елін,  халқын жақтайтын әрқашанда.
Отансүйгіш қалыптан ажырамай,
Нұрын шашып жүретін барша адамға.





Пікір жазу