27.04.2023
  1730


Автор: Отан қорғаушылар күні

Жігіттері қазақтың

Жігіттері қазақтың,
Арыстандай айбатты.
Дес бермейтін сындарға,
Жолбарыстай қайратты.

Отан қорғар жігіттер,
Ел қорғаны, тірегі.
Тамырына нәр берер,
Соғып тұрған жүрегі.

Олар барда еліміз,
Қорғалуда тыныш боп.
Отан қорғар жігіттер,
Оларда еш тыным жоқ.





Пікір жазу