Жындардың тойында ән салған қыз - 4 бөлім
Сол күннен бастап ән айтуға шықпай қойдым. Продюсерім қайта-қайта қоңырау шалып тоқтамауымды сұрайды. Ал мен болсам әкемнің ашуынан қорқып жүрдім. Солай екі апта өтті. Әр күн сайын қураған гүл ұқсап жанарым солып, өмірде еш бір қызық қалмағандай беймәлім күйде жүрдім. Телефоныма бөтен нөмірден қайта-қайта қоңырау шалып мазамды алып қояр емес. Тұтқаны көтердім.
- Сәлеметсіз бе!
- Сіз кімсіз?
- Мен, сіздің тойымда ән айтқаныңызды қалаймын.
- Мен тойда ән айтпаймын.
- Тоқтаңызшы, тұтқаны қоймаңыз. Мен сіздің қызмет ақыңыздың ақшасын екі есе төлеймін.
- Жоқ, бара алмаймын.
- Үш есе берсем ше? Ойланып бір хабарын айтсаңыз.
- Жарайды. Өзім хабарласам.
Көп ақша кім- кімді болса да қызықтырары хақ. Бір тойға шыққаннан бірнеше тойдың ақшасын алсам жақсы емес пе? Ойымды тек ақша жаулап алды. Бірден прдюсеріме қоңырау шалып бұл жайлы айтып едім, ол кісі де қуана ұсынысты қабылдады.Әлгі әйелге қоңырау шалып баратынымды айтып келісім жасадық. Сол күні айтылған мекен жайға жанымдағы биші қыздар, музыкант жігіттер бәріміз жеті адам болып жолға шықтық. Біз шақырылған үй тым ерсі көрінді. Ауылдың ең шеткі жағында орналасқан. Есқі-құсқы үй. Далада өріп жүрген бір топ адам. Телефон арқылы сөйлескен әлгі әйел алдымыздан шығып күтіп алды. Даусынан сол кісі екенін таныдым. Бізді қос қабатты үйдің бір бөлмесіне алып келді.
« Мынау сендердің бөлмелерің. Осында киім ауыстырып, аздап тынығып алыңдар.»- деді де, шаң тозаң басқан, өрмекші ұя салып тастаған бөлмеге тастап кетті. Бес қыз, екі ұл бәріміз таңданып бір жағынан бойымызды үрей билеп алған.
Жан — жағымызға үрейлене қарап, қандай мекенге келгенімізді түсіне алмай қойдық. Бір сәтте мен сахнаға шығып ән айта бастадым. Бір сәтте көзім бір адамның аяғына түсті. Осы сәтте есімнен тана жаздадым. Оның аяғы кәдімгі біздікіндей аяқ емес еді. Аттың тұяғы ұқсас бірдеңе. Аяқтары жерге тимей тұрды. Осы сәтте алдын ала жазылған музыканың қосулы тұрғаны қандай жақсы болған. Әйтпесе олар менің шыңғырғанымды естуші еді.