27.04.2023
  181


Автор: Әсерлі әңгімелер

Жындардың тойында ән салған қыз - 6 бөлім

- Солай ма?
- Иә, мен осы ауылда туылып өскенмін. Бұл ауылдың әр үйін, әр тұрғынын бес саусақтай білемін. Ол үйді егелері тастап кеткелі қаншама жыл өтті.
- Рақмет, аға.
- Тоқта, тоқтаңдар.
Қорыққаннан артымызға қарамай зулай жөнелдік. Жүрек дүрс-дүрс кеудемізден атылып шығардай күйдеміз. Қалаға жеткен бойда дүкенге тоқтап су алып ішіп, бетімізді жуып ес жия бастадық. Өңіміз бозарып бәрімізді үрей басып алған. Әр кім өз мекеніне қарай жол тартты. Қыздармен сол күні түні-бойы қалтырап, дірілдеп отырдық. Ұйықтауға қорқып, бойымыздағы үрейден құтылу үшін интернет ақтарып сүре, дұғаларды тоқтаусыз айта бердік. Сол сәтте жындардың тойында:« Осы женден аман шықсам ән айтуды қоямын»- деп ант етіп едім. Сол сөзімде тұрып ән айтуды тоқтаттым. Бар ойымды оқуға арнап, бес уақыт намазға жығылдым. Аллаға шүкір бойым жеңілдеп үрейден құтыла бастадым. Білікті маман иесі болып, ауылыма оралдым. Әкем мен анамда риза. Бірақ олар қызының жындардың тойында ән салып барып тәубесіне келгенінен бейхабар еді.

Соңы.





Пікір жазу