26.04.2023
  312


Автор: Отан қорғаушылар күні

Құтты болсын  мереке (Әкеме) 

Асқар тауым жан әкем,  асыл әкем,
Өзіңізді өлеңіммен тербетем.
Мамырдың бұл жетісі есік ашты,
Құтты болсын  бүгінгі бұл мерекең.

Көшбасы боп аман-есен жүріңіз,
Асыл әкем біздерге басшы болып.
Мерекеден жетіңіз мерекеге,
Саулығыңыз қашанда жақсы болып.

Әр күніңіз сәтті боп,  қуаныңыз,
Тілекшіміз  біз сізге асыл әкем.
Мен де сізді қуантып әрқашанда,
Жан әкешім шаттықты, бақытты етем.





Пікір жазу