26.04.2023
282
Отан қорғар бауырым (бауырға)
Отан қорғар бауырым,
Қанаттарың талмасын.
Жаратқаным жар болып,
Бар жақсысын арнасын.
Үстем болып мерейің,
Соға түссін жүрегің.
Ұмтыла бер мақсатқа,
Орындалып тілегің.
Бар жақсыны тілейді,
Шын жүректен бауырың.
Аман-есен жүр дейді,
Қолдап сені ауылың.