25.04.2023
  431


Автор: Бірлік күні

Бірлік болмай, тірлік болмас

Қазағымның айтқан әрбір сөздері, мақал-мәтелдері аса тапқырлықпен айтылған. Дәлме-дәл, нақпа-нақ. Солардың бірі осы Бірлік күніне арналғандай. «Бірлік болмай, тірлік болмас». Ия, екі ауыз сөз ішіне қаншама мән-мағынаны сыйдырып жіберген бұл мәтел елімізді бірлік пен ынтымаққа шақырғандай күй береді. Ынтымақ пен берекені көздеп, мерекелі көңіл-күйде тірлік жасаудан жалықпаған еліміздегі түрлі ұлт өкілдері өзара татулықты, сыйластықты, бірлікті берік еткен. Халықтар достастығын көрсететін 1-ші мамыр мерекесі мемлекеттік мереке ретінде әр жыл сайын тойланып келеді. Бұл мейрам еліміздегі басқа да ұлттар арасындағы өзара қарым-қатынастарын нығайтуға, сыйластықтары мен ынтымақтарын арттыруға, бір-біріне деген ыстық ықыластарын көрсетуге арналған мереке десек қате айтпағанымыз болар. «Бірлік бар, да тірлік бар» Бірліктері мен тірліктері жарасым тапқан Қазақстандық әрбір ұлт өкілдері ынтымақ пен бірлікті арқау етіп, елімізде тату-тәтті өмір сүруде. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанатын ел үшін бұл мейрамның орны ерекше, жөні бөлек.
Әр жыл сайын осы атаулы мереке «Бірлік» күнінде Қазақстан елінде мекен еткен 130 дан астам ұлттар мен ұлыстар киелі қарашаңырақта татулықта, береке мен бірлікте, қуанышта, шаттықта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.
Бірлік пенен тірлік боп, елдігіміз жарассын! Ынтымақ пен бақыт боп, теңдігіміз жарассын!
Қазақстан еліміз жыл өткен сайын жанданып, Сыйластықта еліміздің күн сайын, қуанышты бағы ассын!


«Ғажайып Қазақстан —2050» журналының және «Ғажайып Қазақстан»  газетінің бас редакторы Жібек Искакова,  Түркістан қаласы





Пікір жазу