25.04.2023
  128


Автор: Бірлік күні

Болсын тату еліміз!

Татулықты жақтайтын,
Бірлігіңді баптайтын,
Асықпайтын, саспайтын,
Болсын тату еліміз!
Жүректері лүпілдер,
Елді бастар күтімді ер.
Болып дәйім бітімдер,
Болсын тату еліміз!
Көңілдері жайнасын,
Бұлбұл құсы сайрасын!
Асыр салып ойнасын,
Болсын тату еліміз!
Қиындықтар болмасын,
Жаратқаным қолдасын.
Жүрек үні солмасын!
Болсын тату еліміз!
Әрбір үйге лайым,
Жар болсыншы Құдайым!
Жарқырап бұл Күн, Айың!
Болсын тату еліміз!
Халықтардың достығы,
Болсын көңіл қоштығы.
Көңілдердің тоқтығы!
Болсын тату еліміз!
Ынтымақ пен бірлігің,
Тоқтамай еш тірлігің!
Түрілмесін түндігің,
Болсын тату еліміз!
Әумин!





Пікір жазу