25.04.2023
  159


Автор: Бірлік күні

Ынтымақ пен бірлігің

Ынтымақ пен бірлігің,
Тамыр жайып, жарассын!
Түрлі ұлттар тату боп,
Жаратқаным қарассын!
Қазақ елін, ұлттарын,
Раббым Алла қолдасын!
Демеп әркез лайым,
Жаман жолға салмасын!
Құтты болып бірлігің,
Жалғай түссін тірлігің!
Сыйластықта, шүкір деп,
Өте берсін әр күнің!
Сақта, Құдай! Сақтай гөр!
Көзділердің көзінен,
Сөзділердің сөзінен!
Тілділердің тілінен!
Ел үмітін ақтай гөр!
Тілсіз жаудан сақта,
Шипасыз дерттен сақта!
Ағынды судан сақта,
Адасар нудан сақта!
Әрбір адам аман болсын,
Тыныш, бейбіт заман болсын!
Ниетіміз ақ болсын,
Жаратқаным жақ болсын!
Ынтымақ, бірлік күнінде,
Бар жақсылық тап болсын!
Қиындықтар болмасын,
Бар жақсылық орнасын!
Бүгін бірлік күнінде,
Қанаттарың талмасын!
Ел бірлігі тату боп,
Жүрекке дерт салмасын!

Әумин!





Пікір жазу