23.04.2023
  85


Автор: Бірлік күні

Халық достастығы күні бұл

Түрлі ұлттар достығы мен бірлігі,
Арта берсін елімізде лайым.
Қазақстан жерімізде жақсылық,
Орнай берсін жар боп бізге Құдайым.

Әрбір ұлттың баласы тату болып,
Сыйластықта үн қатсын бір-біріне.
Халықтардың достығы жанданып тек,
Жұмыс қылсын тату боп ел біріге.

Аман болсын еліміз, жеріміз бұл,
Тыныш болып әрбір күн я Құдайым.
Бақ-береке орналып ел ішінде,
Татулықта жүргінші жоқ боп уайым.





Пікір жазу