22.04.2023
  43


Дін мен дәстүр сабақтастығы

                                          Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің 3 курс студенті Ділтай Ж.С


                                              Жетекшісі Әлтаева Н.С www kaznu kz


         Келешек ұрпақ біздің болашағымыз!Дегенмен де,өазіргі таңда дін мен дәстүрді бөлек санап,бірінін қадірін кетіріп,бірінін жоқ санауда.Кез келген адамзат баласының негізгі рухани ұстанымы болады десек, ол – ұлты, діні, Отаны. Міне, осы үштаған, сіздің үш тірегіңіз. Қай елге, қай жерге бармаңыз, «Сіз кімсіз?» дегенде ұлтым – қазақ, дінім – ислам, Отаным – Қазақстан дейсіз. Және оны мақтанышпен, нық айтасыз. Өйткені, сіздің көңіліңізде мен адамзат құндылықтарының негізі қалыптасқан, іздеуші, сұраушысы бар, сан ғасырлық тарихы бар қазақ ұлтының өкілімін деген сенім тұрады.Олардың тәртіп пен тәрбиені қалыптастырудағы маңызды рөлі
Кез келген адамзат баласының негізгі рухани ұстанымы болады десек, ол – ұлты, діні, Отаны. Міне, осы үштаған, сіздің үш тірегіңіз. Қай елге, қай жерге бармаңыз, «Сіз кімсіз?» дегенде ұлтым – қазақ, дінім – ислам, Отаным – Қазақстан дейсіз. Және оны мақтанышпен, нық айтасыз. Өйткені, сіздің көңіліңізде мен адамзат құндылықтарының негізі қалыптасқан, іздеуші, сұраушысы бар, сан ғасырлық тарихы бар қазақ ұлтының өкілімін деген сенім тұрады.
Ал ұлттың құндылығы – мәңгі өзімен бірге жасасып келе жатқан тілінде, салт-дәстүрінде, ұлттық өнерінде. Оларды бір-бірінен бөліп те қарай алмаймыз. Себебі, олар бірін бірі толықтыра отырып, тұтас бір ұлттық болмысын құрайды.
Ұлттық және діни дәстүрлердің саналы, тәрбиелі ұрпақ қалыптастырудағы рөлі ұшан-теңіз.
Тәрбие ана құрсағынан басталып-ақ кетеді дейді ғылыми тұжырым. Олай болса, бала дүниеге келмей тұрып басталатын «Құрсақ шашу», бала дүниеге келе салысымен болатын «Сүйінші сұрау», «Азан ша­қырып ат қою», «Шілдехана тойы», «Бесікке салу», «Қыр­қы­нан шы­ғару» – бәрі-бәрінің өзіндік тәрбиелік орны, маңызы бар екені анық. Бүгінде жарты әлемнің ғалымдары мойындаған көш­пенді мәде­ниетінің әлемдік өркениетте ықпалы, үлесі жайлы ойласақ, қазақ халқының ұлттық ұстанымы, түсінік-та­нымы, салт-дәстүрі, өмір сүру қағидалары еріккеннің ермегі емес екеніне толық көзіміз жетер еді.
Салт-дәстүрлер тек қана тәлім-тәрбие ғана емес, бұлжымас тәртіпке де негіз­деліп отырған. Мәселен, бала апыл-тапыл баса бастағанда жасалатын «Тұсау кесер». Бұл – баланың алғаш өмірге қадам жасауына арналған ата-ананың қуанышты тойы. Ал танымдық, тәрбиелік жағы кім көрін­генге емес, ауылдағы аса сыйлы, ел-жұрты құр­мет тұтатын өсіп-өн­ген, ар­дақты ана­ларға кестіру арқылы адам­ның қадірін де үлгі ету болса, рәсім­нің тәр­тіптік рөлі алдымен ала жіп­пен тұсап алып, соны кестіру, бала бұл өмірде біреудің ала жібін аттамасын, яғни ұрлық жасамасын, алаяқ­тықтан аулақ жүрсін деген ұғым. «Баланы – жастан» дейтін қазақ, бес жасында баланы сүндетке отыр­ғызып, азамат болды деп ашамай ерге мінгізеді.
«Он үште отау иесі» деп көтермелей отырып болашақ отағасы болуға санасын қалыптастыра бастайды. Одан қалды, жыраулар философиясында да: «Болар елдің баласы он үшінде баспын дер, тозар елдің баласы отызында жаспын дер», деп ескер­теді. Демек, қазақ халқының салт-дәстүрі де, өнері де, ұлттық бойында тұнып тұр­ған тәрбие, тәлім, тәртіп екен. Рас, Кеңес дәуірі кезінде «дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген бір көзсіз мақал шығарып алып, асыл мұрамызға өзіміз балта шапқан кезімізде болды. Содан барып игі дәстүрлеріміз біраз уақыт үзіліп қалды. Ұрпақ алмасты, көп дүние көнекөз ата-апаларымызбен кетіп, көмескі тартты.


Әдет және ғұрыпқа айрықша орын бергенде, орындалатын өзіндік арнайы шарттары бар:
I. Салт-дәстүр – Құран мен Сүннет мәтіндеріне және ғалымдардың бір ауыздан келіскеніне немесе шариғатта бекітіліп қойған үкімге қарама-қайшы келмеуі тиіс. Имам Сархасидің: «Құран мен Сүннетке қарсы келген кез-келген салт есепке алынбайды», - деген сөзі бар.
II. Әдет пен ғұрып, сирек кездесетін емес, кең тараған болуы қажет. Имам Суюти: «Салт-дәстүрмен тек, егер олар кең тараған яғни қоғамдық ортада мойындалған болса ғана санасады, ал егер олар айқын болмаса, есепке алынбайды».
III. Салт-дәстүр бізге бұрынғылардан жеткен, қазіргі таңда да қолданыстағы дәстүр болуы керек. Өйткені, салт-дәстүр уақыттан-уақытқа, халықтан-халыққа ауысып келе береді.
Дініміз Ислам – адамгершілік пен парасаттылықтың, қайырымдылық пен ізгілік діні. Осынау асыл дінімізді әр саққа жүгіртіп, бұрмаламай өзінің тұнық қайнарынан үйренуге тырысқанымыз жөн. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып келген дәстүрлі дінін, әдет-ғұрпын жоққа шығарып, іріткі салушы топтар бар, олар қайдағы бір ағым, секталардың сойылын соғып жүргендер





Пікір жазу