19.04.2023
  480


Автор: Әсерлі әңгімелер

Енесі мен абысынын дуалаған келін - 2 бөлім

- Қайда болушы еді? Әрине апаның үйіне...
- Рас айтасыңдар ма? Мына заттарды апаларыңа сыйламақсыңдар ма?
- Иә, уайымдамаңыз сіз жалғыз емессіз. Сіз бен қосылып бізде кешірім сұраймыз.
- Дәу апа өте мейірімді жан. Сізді кешіретініне сенімдімін.
Ұл қызымды түгел ертіп бәріміз Абысынымның үйіне жол тарттық.
Жол бойы « абысыным мені қалай қарсы алады екен? Бұрынғысынша сәлеміме үн қатпай жұмған аузын ашпай қоймайды ма екен? Кешірім сұрасам кешірер ме екен?» деген ойлар санапда сайрап тұрды. Үйіне жекен бойда жүрегім кеудемнен атқылап шығып кетердей болып тарсылдап, аяқ қолым қалтырап көліктен түсуге шамам келмей қалды. Екі қызым екі жағымнан демеп есікке қарай жетектеп алып барды. Құдайдың өзі соны қалады ма, әлде өзімнің дәрменсіздігінімнен болды ма, білмеймін. Абысынымды көрген сәтте екі аяғымнан жан кетіп тізерлеп отырдым да қалдым. Абысынымның жүзіне қарауға дәтім жетер емес. Төмен қараған күйі кешірім сұрай бердім.
- Кешіріңізші мені абысын. Қадіріңізді кеш білсем. Істеген істерім үшін қатты ұяламын. Мені ұрсаңызда, соқсаңызда бәріне көнемін. Тек қана кешірім берсеңіз болды. Барлығы үшін кешірім сұраймын. Қатты өкініп жүрмін. Өкініштен әр күн сайын өзегім өртенуде. Кешірім сұраймын сізден. Қайын аға сізде мені кешіріңізші. Төре бала, ерке қыз сендерде мені кешіріңдер.(Төре бала мен Ерке қыз абысынымның үлкен ұлы мен қызы. Олар не болғанын білмейді де. Ол кезде үш және бір жарым жасар бала болатын.)
- Сымбат жеңге не болды сізге? Тұрыңыз орныңыздан.
- Келінжан тұра ғой. Абысының сені әлдеқашан кешірген.
-Жоқ, тұрмаймын.

Жалғасы бар





Пікір жазу