Енесі мен абысынын дуалаған келін - 15 бөлім
Солай қаншама жыл алыстан сыйласып жүрдік. Оның балалары мен біздің балалар бір біріне өте бауырмал болды. Бір бірлерін үнемі іздеп жүреді. Шынымды айтайын менің балаларымды абысыным мен қайын ағам тәрбиелегенін қалап олардың үйіне көп жіберетінмін. Өйткені менің тәрбиемді алған қызым ертеңгі күні мен секілді опық жеп қалама деп қорықтым. Ана болып қызыма ақыл айтқан адам емеспін. Тек абысынымның ақылын тыңдап, тәрбиесін алған ұл қызым солар секілді саналы, иманды болып өсін өнді. Содан сенің парақшаңды тауып алдым. «Кесапат келін», « Өз ұлын жынды еткен ана»; деген әңгімелеріңді оқып өзімді көргендей болып тоқтамай жылап жүрдім. Бүкіл жасаған иттігім көз алдымнан өте берді. Бар күш жігерімді жинап кешірім сұрадым. Басында жаздым ғой. Сол сәтте абысыным «мен бәрін білемін» деп айтты дедім ғой. Соны кейін айтып берді. Бір құрбысы мен барған балгерге барып менің қолымдағы абысыным мен енемнің суретін көріп абысыныма дуа жасатып жүргенімді айтыпты. Соны біле тұра маған жақсылық жасап жүрген абысыныма алғыс айтамын. Қазір маған кешірім берген. Екеуміз құрбыдай болып жүрміз. Сіздерге айтарым, жас келіндер, енелер бір бірлеріңді сыйлаңдат. Тату тәтті болыңдар. Адамдардың бәрі менің абысыным секілді кешіре алмауы да мүмкін. Сол үшін де қателікке ұрынбаңдар.
⠀