20 маусымда әлемде және қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1840 жылы Сэмюэл Морзе телеграфтың патентін алды;
1934 жылы Лондондағы Ватерлоо көпірі саудаға шығарылды;
1967 жылы Мұхаммед Әли әскерге бармағаны үшін Хьюстон сотының шешімімен бес жылға сотталды. Оған қоса, былғары қолғап шеберіне 10 000 доллар көлемінде айыппұл салынды;
1993 жылы Ла-Манштың астымен өтетін Евротоннель арқылы алғаш рет теміржол рейсі жіберілді.
20 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1878 жылы шаруаларға жер беру мәселесімен айналысатын Ақмола меже партиясы құрылды;
1925 жылы КСРО Мемлекеттік банкінің Қазақ өлкелік кеңсесі ашылды;
1930 жылы "Жоғарғы Марианна" көмір қабаты бойынша бірінші Қарағанды шахтасының құрылысы басталды;
1991 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің "Қазақ КСР Ұлттық мемлекеттік банкінің жарғысы туралы" қаулысы қабылданды;
1992 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Қазақстан кәсіпкерлерінің алғашқы форумы өтті;
1992 жылы Қазақстан Республикасы Түркі мәдениеті және өнері мәселелері жөніндегі бірлескен комитет мүшесі атанды;
1992 жылы Алматыдан Үрімжіге алғашқы халықаралық темір жол қатынасы ашылып, бірінші жолаушылар пойызы жолға шықты;
2000 жылы Астана (қазір Нұр-Сұлтан) әкімдігі мен Мәскеу үкіметі экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени шараларға байланысты келісімге қол қойды;
2003 жылы еліміздегі жер реформасының маңызды актісі Қазақстан Республикасының жаңа Жер кодексі қабылданды;
2013 жылы белгілі қазақстандық әнші, композитор, "Үркер" тобының негізін қалаушы Айдос Сағат БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі агенттігінің Қазақстандағы алғашқы ерікті елшісі атанды;
2014 жылы "KazEOSat-2" қазақстандық жер серігі орбитадан алғаш рет телеметрикалық ақпарат берді;
2017 жылы режиссер Ақан Сатаевтың "Анаға апарар жол" фильмі Нью-Йорктегі кинофестивальде үздік көркем фильм атанды.