18.04.2023
  63


Автор: 365 күн

19 маусымда қандай айтулы оқиға болды

Бүгін - Халықаралық жыныстық зорлық-зомбылыққа қарсы күн. 2015 жылы 19 маусымда БҰҰ Бас Ассамблеясы әртүрлі қақтығыстар жағдайында (саяси, діни, ұлттық сипаттағы халықаралық, мемлекетішілік (азаматтық) соғыстар) жыныстық зорлық-зомбылық көрсету мәселесіне көпшіліктің назарын аударту мақсатында осы күнді арнайы қарармен бекітті.

Кувейт ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күнін атап өтеді. Аталған мейрам 1961 жылы ресми түрде енгізілген. Кувейт Батыс Азияда, Арабия түбегінің солтүстік-шығысы мен Парсы шығанағының 9 аралында орналасқан. Астанасы - Әл-Кувейт. Ресми тілі - араб тілі. Діні - исламның сүннит және шиит тармақтары. Кувейттің басқару формасы - конституциялық монархия.

Алжирде 1965 жылдан бері Төңкеріс күні тойланады. Бұл мемлекет Солтүстік Африкада, Жерорта теңізінің батысында орналасқан. Әкімшілік жағынан 15 уәлаятқа бөлінеді. Астанасы - Алжир қаласы. Ресми тілі - араб. Ақша бірлігі – динар.

Ал Венгрия Тәуелсіздік күнін атап өтіп жатыр. Бұл мейрам ресми күнтізбеге 2001 жылы енгізілді. Атаулы күн Венгрияға кеңестік басқыншылықтың аяқталуына, сондай-ақ 1956 жылғы Венгрия төңкерісін басып-жаныштаушыларды жазаға тартуға орай белгіленді.

АҚШ-та Эмансипация күні тойланады. Сондай-ақ, бұл мерекені "Бостандық күні" деп атайды. 1862 жылы Техас штатында афроамерикалықтар құлдықтан босатылған болатын. Осыған орай Эмансипация күні белгіленді.

Бұдан бөлек, 19 маусымда Жер радиусының күні аталып өтеді. Себебі дәл осы күні грек ғалымы Эратосфен Киренский жердің радиусын есептеп шығарды.





Пікір жазу