18.04.2023
  85


Автор: 365 күн

17 маусымда қандай атаулы оқиға болды

Бүгін – дүниежүзілік шөлейттену мен қуаңшылыққа қарсы күрес күні. Мереке 1994 жылы Парижде шөлейттенуге қарсы күрес жөніндегі халықаралық конвенция қабылданған күннен бастап аталып өтеді;

Сондай-ақ, 17 маусымда Исландияда тәуелсіздік күні аталып өтеді. Ел аумағы әкімшілік жағынан 8 аймаққа, 23 ауданға бөлінеді. Астанасы - Рейкьявик. Ресми тілі – исланд тілі. Исландия – парламенттік республика. Конституциясы бойынша мемлекет басшысы – президент. Ол 4 жылға ашық сайлау арқылы сайланады. Заң шығару билігін президент пен бір палаталы парламент "Альтинг" жүргізеді;

Исландия 930 жылдан 1262 жылға дейін тәуелсіз мемлекет болды. Алайда 1262 жылдан Норвегия колониясы, 1380 жылы Данияның иелегіне өтті. Мемлекет қайраткері Йоун Сигурдссон Данияға қарсы Исландияның ұлт-азаттық қозғалысын бастап, сауда монополиясын тоқтатуды талап етті. Исландия 1944 жылы 17 маусымда тәуелсіздігін алды.





Пікір жазу