18.04.2023
  78


Автор: 365 күн

13 маусымда әлемде және қазақстанда туған танымал тұлғалар

1956 жылы кеңестік және армян ауыр атлеті, КСРО төрт дүркін чемпионы (1977, 1979, 1981, 1982), бес дүркін Еуропа чемпионы (1977, 1978, 1980, 1981, 1983), жеті мәрте әлем чемпионы (1977-1981, 1983, 1985), Олимпиада ойындарының жеңімпазы (1980), әлемнің 43 дүркін рекордсмені Юрий Варданян дүниеге келді. КСРО еңбек сіңірген спорт шебері (1977);

1957 жылы кеңестік футбол қақпашысы Ринат Дасаев туды;

1974 жылы кеңестік және ресейлік театр және кино актері Алексей Моисеев өмірге келді. "Возвращение Мухтара" телехикаясында Алексей Самойловтың рөлін сомдаған.

13 маусымда Қазақстанда кім туды

1941 жылы актер, Қазақстанның халық әртісі Алтынбек Кенжеков дүниеге келді;

1947 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ақын, драматург Нұрлан Оразалин өмірге келді;

1953 жылы жазушы, аудармашы Ерлан Сатыбалдиев туды;

1955 жылы композитор, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты Балнұр Қыдырбек дүниеге келді;

1993 жылы қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының күміс жүлдегері, VІІ қысқы Азия ойындарының чемпионы, 28-ші қысқы Универсиада чемпионы, Қазақстанның үш дүркін чемпионы Денис Тен өмірге келді.





Пікір жазу