18.04.2023
  93


Автор: 365 күн

13 маусымда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін әлемде Халықаралық альбинизм туралы ақпарат тарату күні аталып өтеді. Бұл дата БҰҰ Бас ассамблеясының 2014 жылғы 18 желтоқсандағы қарарымен бекітілген. 2015 жылдан бастап жыл сайын атап өту жайлы шешім қабылданды. Альбинизм – реңсіздік, яғни, организмнің өзіне тән түсінің жоғалуы. Ол рецессивті генге байланысты тұқым қуалайды. "Альбинизм" дертіне шалдыққандарды альбиностар деп айтады. Албинизмнің басты белгісі – адамның терісімен бірге шашы да сүттей ақ, ал көздері үнемі қызарып тұратындықтан өте нашар көреді.

Сондай-ақ, бүгін – Кішігірім саяхат күні. Мерекені қалаған жеріңізде атап өтуге болады, тек бір сәтке айналаңызға көз жүгіртсеңіз болғаны. Барлығы сіздің көзқарасыңызға байланысты. Достарыңызбен бірге саябақта серуендеуге немесе табиғат аясына шығуға кеңес береміз.

Сонымен қатар, бүгін –  Түйреуіштің туған күні. Әдетте, үлкендер балаларды тіл-көзден сақтау үшін киімнің жиегіне көрсетпей, түйреуіш тағып қояды. Бұл аксессуардың  тарихына үңілсек, түйреуішті біздің дәуірімізге дейінгі үшінші ғасырда ежелгі шумерлер пайдаланған. Біз қолданатын кәдімгі түйреуіш 1825 жылдың 13 маусымында пайда болыпты. Оны америкалық Уолтер Хант ойлап тапқан.





Пікір жазу