12 маусымда қандай айтулы оқиға болды
Бүгін Ресейде аса маңызды мемлекеттік мереке – Ресейдің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы күні немесе Ресей күні. 2002 жылға дейін бұл мейрам осылай аталып келді. Мереке - елдегі ең "жас" мемлекеттік мейрамдардың бірі. Ресейдің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы 1991 жылы 12 маусымда РКФСР халық депутаттарының алғашқы съезінде қабылданған. Декларацияда мемлекет Ресей Конституциясы мен оның заңдарына бағынатыны айтылды. Ол кезде КСРО-ның көптеген республикасы егемендігін жариялау туралы шешім қабылдаған болатын, бұл құжат бұрынғы КСРО-ның республикалары тәуелсіздігін алып жатқанда қабылданды. Елдің жаңа атауы – Ресей (Ресей Федерациясы) деп қабылдау Ресей мемлекеттілігін нығайтудағы маңызды кезең. Тәуелсіздік алумен қатар, бұл күні Ресейдің жаңа президенті сайланды, 1991 жылы ел тарихында алғаш рет жалпыхалықтық ашық президент сайлауы өтіп, Б.Н. Ельцин жеңіске жетті. Ол 1994 жылғы жарлығымен 12 маусымды Ресейдің мемлекеттік егемендігі туралы декларациясын қабылдау күні деп жариялап, мемлекеттік мәртебе берді. Бірнеше жылдан соң бұл мейрам Тәуелсіздік күні деп аталып кетті.
Сонымен қатар, бүгін – Дүниежүзілік балалар еңбегін пайдалануға қарсы күрес күні. Мейрам 2002 жылы Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен пайда болды. Соның арқасында әлемдік қауымдастық жұмылып, балалардың құқығын қорғауға атсалысты, себебі әрбір адамның балалық шағын бақытты өткізуге хақы бар. Балалар еңбегін пайдалануда көшбасшы – Азия (153 миллиондай жұмысшы бала тіркелген), балаларды жұмысқа салу бойынша екінші орынды Африка (80 миллион бала) иеленді, одан кейін – Латын Америка (17 миллион бала).
Сонымен қатар бүгін балалар мен ересектерге ортақ ерекше мейрам – Шармен серуендеу күні. Қолыңызға шар ұстап серуендесеңіз, көңліңіз көтеріліп қана қоймай, тәбетіңіз жақсарып, аяқ-қолыңыздың бұлшық еті шынығады. Шармен серуендеу күні отбасыңызға қайталанбас көңіл-күй сыйлайды.