18.04.2023
  77


Автор: 365 күн

11 маусымда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін - Гавай аралдарында Камеамеа патшасының күні. Бұл мейрамды 1871 жылы патша V Камеамеа өз атасы, Гавай аралдарында Ұлы Камеамеа ретінде белгілі - I Камеамеаның құрметіне қабылдады. Алғаш рет мереке 1872 жылы тойланған.

Сонымен қатар, бүгін Ресейде шашыраңқы склероз күні аталып өтеді. Шашыраңқы склероз дертіне шалдыққанда ми мен жұлындағы жүйке талшықтарының миелин қабықшасы зақымданады. "Шашыраңқы склероз" деген атаудың кәрілік кездегі склерозға қатысы жоқ. Мұнда "склероз" - "тыртық" дегенді, ал "шашыраңқы" көптік мағынаны білдіреді. Жүйке талшығы құрылымының үздіксіз бұзылуы науқасты мүгедек адамға айналдырады. Алғаш рет шашыраңқы склероз күні Ресейде 2010 жылы аталып өтті.

            11 маусымда әлемде болған тарихи оқиғалар

1496 жылы Христофор Колумб екінші саяхатын аяқтады, бірақ Қытайға апарар жолды таппағандықтан, испан патшайымының қаһарына ұшырады;

1580 жылы испан конкистадорлары екінші рет талпыныс жасап, Буэнос-Айрестің негізін қалады;

1742 жылы Бенджамин Франклин тиімді пешті ойлап тапты;

1770 жылы Джеймс Кук Австралия жағалауында Үлкен барьер рифін ашты.





Пікір жазу