18.04.2023
  367


Автор: Айтқалиев Айдос Даниярұлы

Мен сені ойлаймын

Мен сені ойымнан шығармадым,


Ойлама мен сені ұмытпадым,


Күлкіңнен шашылған нұр сәулені.


Жүрегіме тыныш қана сақтап қалдым,


Күннен-күнге махаббаттқа сеніп келем,


Сенімен барлығын көріп келем.


Көріп келем тағдырға көніп келем,


Ешқандай шағымым жоқ...


Мен сені әлі күнге сүйіп келем,


Өмірімнің мәніне айналғаның,


Қаламайсың өткенді қайтарғаным.


Мен саған бар ойымды айта аламын,


Сен менің өміріме айналғаның.


Таудай биік арманым көп менің де,


Сол таулардан сенсіз құлап барамын.


Өмірім түске толып жарқырайды


Ұқсайды маған күліп қарағаның,


Естіледі бұлақтан сыңғырларың,


Зымыраған уақыттан көрінеді,


Мен жете алмаған қылыңтарың,


Табиғатта тамсанып қызығады.


Қызғанады сұлулықты табалмады.


Күндіз түні сені іздеп дамылдады,


Сен мен үшін жаралдың ұмытпағың.


Ұмытпағың әр сөзімнің астарларын,


Мен сені жүрегіме сақтап қоям.


Керек болса жүрегіммен жұлып алғың!





Пікір жазу