9 маусымда әлемде және қазақстанда дүниеге келген танымал тұлғалар
1941 жылы ағылшын әншісі әрі композиторы, "Deep Purple", "Artwoods", "Flower Pot Men", "Paice", "Ashton & Lord", "Whitesnake" топтарының мүшесі Джон Лорд дүниеге келді;
1961 жылы канадалық киноактер Майкл Фокс дүниеге келді ("Отбасылық қарым-қатынас", "Болашаққа оралу", "60 тасжол" фильмдері);
1963 жылы америкалық актер және режиссер Джонни Депп дүниеге келді ("Чарли және шоколад фабрикасы", "Кариб теңізінің қарақшылары" фильмдері);
1978 жылы вокалист, гитарашы, композитор, Muse тобының жетекшісі Мэттью Беллами дүниеге келді.
9 маусымда Қазақстанда кім туды
1928 жылы театр және кино режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Тұрар Дүйсебаев дүниеге келді;
1938 жылы жазушы Үсен Шойбеков дүниеге келді;
1939 жылы қобызшы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Меруерт Каленбаева дүниеге келді.
1939 жылы кардиохирург, Қырғыз Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының профилактикалық медицина академиясының толық мүшесі Сейітхан Жошыбаев дүниеге келді;
1974 жылы "Астана" өңірлік қолбасшылығының командирі Қайдар Қарақұлов дүниеге келді.