8 маусымда қандай қызықты оқиға болды
Бүгін бүкіләлемдік мұхиттар күні. Ол БҰҰ бас ассамблеясының бастамасымен 2009 жылдан бері аталып өтеді. Мереке күні түрлі табиғат қорғау шарасы ұйымдастырады. Олардың көмегімен ғаламшардың болашағына алаңдаушылық білдіретін адамдар дүниежүзілік мұхит суларын мұқият зерттеу қажеттілігін әлемдік қауымдастыққа жеткізуге тырысады. Сондай-ақ, түрлі көрмелер, семинарлар, фестивальдер мен пікірталастар өткізіледі.
Сондай-ақ, 8 маусым күні ошақ басында отырған әйелдер мен үй шаруасындағы ер адамдардың мерекесі. Бұл бастаманы әйелдердің ұлттық институтының (Мехико) қызметкері Габриэла Дельгадо ұсынды. Ол әйелдердің қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық беделі мен құқығын арттыру мәселесінде алғашқылардың бірі болып көтерді. Бұл қозғалысқа ерлер де біртіндеп қосыла бастады. Олар қандай да бір себептермен үй шаруасымен айналысып, бала тәрбилеуге мәжбүр. Бұл әлемдегі ең жақсы жұмыстың бірі. Өйткені үй шаруасымен айналысатын жандар отбасына береке, бірлік сыйлайды. Бір өкініштісі, жалақы төленбейді.
Бүгін көпшілік алдында тоқу күні. Атауы айтып тұрғандай, бұл ерекше мейрамдардың бірі. Адамдар саябақта, дәмханада, көпшіліктің алдында тоқып, бір-бірінен бұл өнердің жаңа әдіс-тәсілін үйренеді. Дүниежүзілік тоқу күні алғаш рет Парижде өтті. Мерекені Даниэль Лендес деген тоқымашы ойлап тапқан. Кейін көпшілік алдындағы тоқуға француз қыздары ғана емес, АҚШ, Англия, Швеция, Финляндия, Норвегия, Эстония сынды өзге елдің сұлулары да қызығушылық таныта бастады. Акцияның өзінің эмблемасы да бар.