6 маусымда қандай айтулы оқиға болды
1994 жылы Қазақстанда қаржы министрлiгiнiң салық қызметi құрамында салық милициясы басқармасы құрылған болатын. Ал 2011 жылы президенттің жарлығымен кәсіби және өзге де мерекелердің тізіміне 6 маусым - Қаржы полициясының күні енгізілді.
1997 жылы Ресей федерациясы президенті Александр Пушкиннің туған күніне орай "Пушкин күнін" атап өтуді ұйғарды. Ал БҰҰ аясында "Орыс тілі күні" аталып өтеді. Оны Александр Пушкиннің туған күніне орайластырды.
1983 жылы Швецияның ұлттық күні бекітілген болатын. Оған дейін аталған мейрам Швеция мемлекеттік туының күні ретінде тойланды. Бұл елдің басқару формасы - Конституциялық монархия. Мемлекет басшысы - Патша. Жоғарғы атқарушы органы - Үкімет. Заң шығарушы жоғары органы бір палаталы парламент – Риксдаг.
1994 жылы Украина президенті Леонид Кравчук арнайы жарлықпен "Журналистер күні" мерекесін енгізді.
Ал Боливияда ұстаздар күні аталып өтеді. Оны 1840 жылы 6 маусымда туған танымал боливиялық педагог, жазушы, журналист, заңгер, тарихшы, дипломат және саясаткер Модесто Омисте Тинахеростың құрметіне енгізді.