5 маусымда әлемде және қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1876 жылы Канаданың жоғарғы соты алғашқы отырысын өткізді;
1881 жылы АҚШ президенті Джеймс Гарфилдтің өміріне қастандық жасалды;
1940 жылы АҚШ-та синтетикалық резинадан жасалған алғашқы шиналар таныстырылды;
1945 жылы КСРО, АҚШ, Ұлыбритания мен Франция Германияның жеңілгені туралы декларацияға қол қойылды;
1953 жылы АҚШ сенаты Қытайдың БҰҰ-ға мүшелігін мойындамады;
1965 жылы Оксфорд университеті Анна Ахматоваға әдебиет докторы дәрежесін берді;
1967 жылы Таяу Шығыста Израильге қарсы Мысыр, Сирия, Алжир және Ирак арасында алты күндік соғыс басталды. Бұл соғыста Израиль жеңіске жетіп, өз аумағынан 3,5 есеге артық территорияны бақылауына алды;
1968 жылы АҚШ-та президенттік сайлауда жеңіске жеткен Роберт Кеннеди оқ тиіп, қатты жарақат алды. Ертесінде қайтыс болды;
1981 жылы америкалық ауруларды бақылау орталығы жаңа ЖИТС (СПИД) дертін тіркеді;
2000 жылы Индонезияда болған жер селкінісі кезінде 50-ден астам адам қаза болды;
2006 жылы Сербия өз тәуелсіздігін жариялады;
5 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1938 жылы Әулиеата қаласына ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың есімі берілді. Жамбыл - Қазақстандағы көне қалалардың бірі. Ол әр жылдары Талас, Тараз, Әулиеата, Мирзоян деп аталған болатын. 1997 жылы Қазақстан президентінің жарлығымен қалаға оның көне атауы - Тараз қайта берілді;
1992 жылы "Қазақстан Республикасының Конституциялық соты туралы" заң қабылданды;
1992 жылы Қазақстан республикасы мен Норвегия корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы хаттамаға қол қойылды;
1993 жылы Республикалық көркемөнер колледжі мен Алматы мемлекеттік театр-көркемсурет институтының осы саладағы факультеттері базасында Қазақ мемлекеттік көркемөнер академиясы және Т.Қ. Жүргенов атындағы театр және кино институты құрылды. 7 жылдан кейін жоғарыдағы екі институт қосылып, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік өнер академиясы болды;
1998 жылы Нұр-Сұлтанда (бұрынғы Астана) Қажымұқан атындағы Орталық стадионның ашылу рәсімі болды;
2007 жылы "Ертіс жағалауы" өлкетану қоғамының мүшелері Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында тас дәуіріндегі адамдардың бірнеше қонысын тапты;
2016 жылы Қазақстан Кариб мемлекеттер қауымдастығының бақылаушысы ресми мәртебесін алды.