17.04.2023
  85


Автор: 365 күн

4 маусымда әлемде және қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1664 жылы Жаңа Амстердам қаласының атауы Нью-Йорк болып өзгерді;

1856 жылы Третьяков галереясының негізі қаланды;

1921 жылы Францияда әлемге әйгілі "Шанель" ("Chanel № 5") әтірі шықты;

1975 жылы ұлыбританиялық The Rolling Stones музыкалық тобы батыс топтарының арасында бірінші болып КСРО-да әндері орындалғаны үшін гонорар алатын болды;

4 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1943 жылы Қазақ КСР-нің алғашқы мемлекеттік әнұранын жазуға байқау жарияланды;

1944 жылы қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының батыры атағы берілді;

1992 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туы туралы", "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасы туралы", "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік әнұранының музыкалық редакциясы туралы" заңдар күшіне енді;

1992 жылы Қазақстан президенті жанындағы кәсіпкерлер одағы құрылды;

1998 жылы II Қазақстандық инвестициялық саммиті өтті. Оған 24 елдің 160 компаниясының өкілдері мен басшылары қатысты;

2000 жылы Иран қазақтары тарихи отанына орала бастады. Нәтижесінде қазақ еліне 732 отбасы немесе 3661 адам көшіп келді;

2000 жылы Алматы облысының Жаңалық ауылында сталиндік геноцид құрбандарын қайта жерлеу рәсімі өтті. Үлкен қабірдің ішінде Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Ілияс Жансүгіров және қазақ зиялы қауымының басқа да өкілдерінің сүйектері бар;

2007 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Маңғыстау облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгеріс туралы" жарлыққа қол қойып, Мұнайлы ауданы құрылды;

2015 жылы Нұр-Сұлтандағы (бұрынғы Астана) Тәуелсіздік сарайында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен шетелдік инвесторлар кеңесінің XXVIII пленарлық отырысы өтті;





Пікір жазу