3 маусымда әлемде және қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1539 жылы Флорида Испания корольдігінің иелегіне өтті;
1540 жылы Эрнандо де Сото еуропалықтардың арасында бірінші болып Аппалачи тауын кесіп өтті;
1837 жылы Лондонда әлемде алғаш рет кедергілермен жүгіру белгілері орнатылған ипподром ашылды;
1970 жылы бірінші рет жасанды ген синтез жолымен алынды.
3 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1925 жылы Қырғызстанмен шекараны межелеуге байланысты Шу облысы "уезд құқығындағы аудан" мәртебесін алды;
1988 жылы Қазақ КСР жоғарғы кеңесі Жарлығымен халыққа білім беру министрлігі құрылды. Бұл министрлік Қазақстан президентінің 1992 жылы 8 мамырдағы жарлығымен білім министрлігі болып қайта құрылды;
1999 жылы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі ішіндегі кіші Ақсарайға қазақтың хандары мен билерінің мүрделері қайта жерленді;
1999 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа "Ана тілінің айбары" белгісі тапсырылды;
2011 жылы Шымкентте алғаш рет туа біткен ерін ақаулығы бар балаларға арналған оңалту орталығы ашылды;
2013 жылы Шығыс Қазақста облысы Үржар ауданында жүргізілген қазба жұмыстары барысында қорғаннан сақ ханымының мүрдесі табылды;
2014 жылы Венгрияда қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.