17.04.2023
  74


Автор: 365 күн

3 маусымда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін – дүниежүзілік велосипед күні. Өткен жылы 12 мамырда БҰҰ Бас ассамблеясы бұл күнді халықаралық күндердің тізіміне қосты. Халықаралық ұйым бұл мерекені экологияның бұзылуының алдын алып, денсаулықты жақсартуда велосипедті пайдалануды насихаттау үшін енгізген.

3 маусым – парашюттің туған күні. Бірінші парашютті 1483 жылы италиялық өнертапқыш Леонардо да Винчи құрастырды деген деректер бар. 1785 жылы 3 маусым күні француз өнертапқышы Франсуа Бланшар 300 метр биіктіктен парашют арқылы итті төменге түсіріпті. Сынақ сәтті аяқталған. Кейін оның жерлесі, аэронавт Андре-Жак Гарнерен жаңа парашютті сынақтан өткізген. Ал 1911 жылы әлемде алғаш рет арқаға асатын парашютті орыс өнертапқышы Глеб Кательников жасады.

Сондай-ақ бүгін – дүниежүзілік майтабандылық күні. Бұл күнді халықаралық Ponseti International қауымдастығы бекіткен. Майтабандылық (майтабандық) – табанның сыртқы және ішкі пішінінің өзгеруі (деформацияға ұшырауы) салдарынан пайда болатын ауру.





Пікір жазу