
2 маусымда әлемде және қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1891 жылы ирландиялық Уильям Маккрамның (William McCrum) ұсынысы бойынша футболда пенальти енгізілді;
1924 жылы АҚШ-та барлық үндістер амеикалық азаматтық алды;
1946 жылы Италия референдум қорытындысы бойынша республика болып жарияланды. Әйелдерге дауыс беру құқығы берілді;
1953 жылы Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаға тәж кигізу рәсімі өтті, оқиға алғаш рет теледидардан тікелей эфирде көрсетілді.
2 маусымда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар
1930 жылы Қазақстан кәсіподақтарының I съезі болды;
1955 жылы КСРО Қорғаныс министрлігінің ғылыми-зерттеу сынақ полигоны, қазіргі "Байқоңыр" ғарыш айлағының іргетасы қаланды;
1993 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің "Қазақстан Республикасы Конституциясының жобасы туралы" қаулысы қабылданды;
1998 жылы Астанада Қазақ ұлттық музыка академиясы ашылды;
1998 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанның жаңа астанасының тұсаукесері құрметіне орай "Астана" медалі бекітілді;
1999 жылы Астанадағы көшелердің біріне алаш қайраткері, ғалым, драматург, жазушы Қошке Кемеңгерұлының есімі берілді;
2013 жылы Семей археологтары санскриттегі жазбаны тауып, оның мағынасын ашты.