17.04.2023
  75


Автор: 365 күн

2 маусымда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін - Дұрыс тамақтану және артық астан бас тарту күні. Бұл мейрам 2011 жылы 2 маусымда пайда болды. Оны ресейліктер америкалық мереке – диетаны ұмытып, бәрін жеуді насихаттайтын ұлттық күнге қарсы жауап ретінде ойлап тапқан. Ол уақытылы және қажетті идея деп танылып, халықтың қолдауына ие болды. Мейрамның мақсаты – адамдарға дұрыс тамақтанудың пайдасы туралы ақпарат беру, қандай тамақ пен әдеттердің денсаулыққа зиян екенін жеткізу.

Әзербайжанда жыл сайын 2 маусымда азаматтық авиация қызметкерлерінің кәсіби мейрамы аталып өтеді. Мереке 2006 жылы республика президентінің 18 мамырдағы жарлығымен бекітілді. 1938 жылы осы күні Әзербайжанда алғашқы авиациялық топ құрылған екен. Бүгінде елдің азаматтық авиация ұшақтары әлемнің 32 қаласына қатынайды. "Airbus-319", "Airbus-320", "Airbus-340-500" және "Boeing-757", "Boeing-767" ұшақтары адам мен жүктер тасымалдайды.





Пікір жазу