15.04.2023
  789


Автор: Мұқағали Мақатаев

Дұшпаның бар ма?

​​– Дұшпаның бар ма?– дейсің,
Қайдан білем...
Әйтеуір, жүрген жерім – сайран кілең.
Қазақтың қайсы үйіне барсам-дағы,
Алдымда – ақ дастарқан, жайған кілем.

Дұшпаным жоқ-ау деймін, түрі жаман...
(Сірә, мен бұл майданда тірі қалам.)
Қазақтың қайсысымен кездессем де
Қайрылмай кеткені жоқ бірі маған.

Достастым кішісімен, үлкенімен,
Өзімшіл өжетімен, үркегімен.
Ата-қазақ алыста той жасаса,
Алдымен тізіміне тіркері – мен.

Қайғырмаймын соңымнан сөз бөскенге
Білемін бұғатынын кездескенде.
Әйтеуір, жүздерінде жылылық бар,
Қазақтың қайсысымен кездессем де.

– Дұшпаның бар ма?– дейсің,
Қайдан білем...
Асыр caп ортасында ойнап жүрем.
Сірә, мен бақыттымын дұшпаны жоқ,
Үйден шықсам – сауық пен сайран кілең.

Мұқағали Мақатаев





Комментарии

Шамшия
Шамшия 17.04.2023 11:15
Ойланатын, ойландыратын, тәубеңе келтіретін, ақыл беретін ұлағатты өмірден алынған нақыл сөздер.

Пікір жазу