15.04.2023
  195


Автор: Жүніс ӘМІРЕ

ХОР ҚЫЗДАРЫМЕН ҚҰРҒАН СҰХБАТ ТУРАЛЫ ДИУАН

Хақ мақтаған хор қыздары
түсті бүгін сұхбат үшін,
Берген құлға Жалғыз Жары,
хорлар түсті сұхбат үшін.
Зікір етті хор қыздары,
еске Отанын салғызды әрі,
Бізді дертке шалғызғалы–хорлар түсті сұхбат үшін.
Көршілердің егілгенін,жұпар-жастың төгілгенін,
Көріп: «Міне
– өмір!»
– дедім,
Хорлар түсті сұхбат үшін.
Жақұт
-таспих мөрдей мәңгі,
Есімді алды тербей жанды;
Көзім жастан көрмей қалды!

Хорлар түсті сұхбат үшін.
Сұхбат-кесе шайқалған жоқ,
Хақ бұйрығын айта алды әрлеп: «Қорға Иманды – шайтаннан!» – деп,
Хорлар түсті сұхбат үшін.
Жүрекке Нұр құйған кернеп
пәк, мейірлі сыйдан бермек: «Құран жолдас – Иманмен!»
– деп,
хорлар түсті сұхбат үшін.
Жоқ жәннатта жапа
-жаттық,
Мұхамметке махаббат қып,
Тұрған бізге шапағат қып,
хорлар түсті сұхбат үшін.
Жүніс Әміре, айды көрсем,
Айдан тамған қайғыға ерсем,
Хақ Дидарын мәңгі көрсем!
–Хорлар түсті сұхбат үшін.





Пікір жазу